► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға
табыстаған жағдайда: көгалшапқыштың
және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын бірге беріңіз.
►
Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
–
Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
–
Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқышты
басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушының
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, ол құрылғымен тек
бақылау астында немесе жауапты
тұлғаның нұсқаулары бойынша ғана
жұмыс істей алады.
–
Пайдаланушы көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алады және
бағалай алады.
–
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
–
Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
–
Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
–
Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
►
Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4 Киім және жабдық
Сақтандыру
■
Жұмыс барысында бөгде заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
►
Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіп жүріңіз.
■ Жұмыс барысында шуыл туындайды. Шуыл
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
► Құлақ қорғайтын жабдықты тағып жүріңіз.
■ Жұмыс барысында шаң пайда болуы
мүмкін. Жұтылған шаң денсаулыққа зиян
келтіруі және аллергиялық реакцияларды
тудыруы мүмкін.
►
Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын масканы киіңіз.
■ Жарамсыз киім ағашта, шағын қопада және
көгалшапқышта ұсталып қалуы мүмкін.
Жарамды киімі жоқ пайдаланушылар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
►
Денеге жанасатын киім киіп жүріңіз.
► Салы мен әшекейлерді шешіп алыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау барысында
пайдаланушы пышақпен жанасуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
►
Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
► Табаны сырғымайтын, берік, жабық аяқ
киім киіп жүріңіз.
■ Пайдаланушыға жарамсыз аяқ киім киген
жағдайда сырғанап қалуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
■
Пышақты өткірлеген кезде, дайындама
бөлшектері лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
►
Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірігін
киіп жүріңіз. Жарамды қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандарты немесе
ұлттық нұсқамаларға сәйкес тексерілген
және оның тиісті сауда таңбаламасы
бар.
►
Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
4.5 Жұмыс аймағы және
қоршаған орта
Сақтандыру
■
Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған бөгде
заттардың тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз
тұлғалар, балалар мен жануарларға ауыр
жарақат тиюі және материалдық залал
туындауы мүмкін.
► Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан
алшақ ұстаңыз.
► Бөгде заттардан арақашықтық сақтаңыз.
► Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
► Балалардың көгалшапқышпен
ойнамағанын қадағалаңыз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда, ыстық
пайдаланылған газдар дыбысты басқыштан
шығады. Ыстық пайдаланылған газдар тез
тұтанғыш материалдарды тұтандыруы және
өрт тудыруы мүмкін.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0478-111-9848-B 255