► Пайдаланылған газ ағынын тез тұтанғыш
материалдардан алшақ ұстаңыз.
4.6 Қауіпсіз күй
4.6.1 Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
–
Көгалшапқыш зақымдалмаған.
–
Көгалшапқыштан бензин шықпайды.
–
Жанармай багының құлпы жабық.
–
Көгалшапқыштан мотор майы шықпайды.
–
Мотор майының құлпы жабық.
–
Көгалшапқыш таза.
–
Басқару элементтері қызмет етеді және
модификацияланбаған.
–
Шапқаннан кейін шөп жинағышта шабылған
шөп жиналса: шөп жинағыш тиісінше
бекітілген.
–
Шапқан кезде шабылған шөп артқа түсірілуі
қажет болса: шөп жинағыш босатылған
және лақтырманың қақпағы жабық.
–
Пышақ тиісінше орнатылған.
–
Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтары орнатылған.
–
Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
–
Серіппе астындағы механизмдер зақымсыз
және жұмысқа қабілетті.
–
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберген кезде, қозғалтқыш сөнеді.
Сақтандыру
■
Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас
бөлшектер ары қарай тиісінше жұмыс істей
алмайды, сақтандырғыш құрылғылар істен
шығуы және жанармай шығуы мүмкін.
Адамдар ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
►
Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс
істеңіз.
► Көгалшапқыштан бензин шыққан
жағдайда: көгалшапқышпен жұмыс
істемеңіз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
►
Жанармай багының құлпын жабыңыз.
► Көгалшапқыштан мотор майы шыққан
жағдайда: көгалшапқышпен жұмыс
істемеңіз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
►
Мотор майының құлпын жабыңыз.
► Көгалшапқыш ластанған болса:
көгалшапқышты тазалаңыз.
► Көгалшапқыш пен оның қауіпсіздік
жүйелерімен күрделі іс-әрекеттер
жасамаңыз.
►
Көгалшапқышта қозғалтқыштың
қуаттылығын немесе айналу жиілігін
өзгертетін күрделі іс-әрекеттер жасаудан
бас тартыңыз.
►
Басқару элементтері жұмыс істемесе:
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
► Серіппе астындағы механизмдер
сақталған энергияны шығара алады.
► Шапқаннан кейін шөп жинағышта
шабылған шөп жиналса: шөп жинағышты
аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай бекітіңіз.
►
Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтарын орнатыңыз.
► Пышақты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай орнатыңыз.
► Керек-жарақты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта немесе керек-
жарақтың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталғандай
орнатыңыз.
►
Көгалшапқыштың саңылауларына бөгде
заттар салуға болмайды.
► Тозған немесе зақымдалған нұсқау
тақтайшаларын ауыстырыңыз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.6.2 Пышақ
Келесі шарттар орындалған кезде, пышақ
қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
–
Пышақ пен құрамдас бөлшектер
зақымдалмаған.
–
Пышақ деформацияға ұшырамаған.
–
Пышақ тиісінше орнатылған.
–
Пышақ тиісінше өткірленген.
–
Пышақта қылау жоқ.
–
Пышақ тиісінше теңдестірілген.
–
Пышақтың минималды қалыңдығы мен
минималды енінен асырылмаған,
19.2.
–
Өткірлеу бұрышы сақталған,
19.2.
Сақтандыру
■
Пышақ қауіпсіз күйде болмаған жағдайда,
оның бөлшектері босап қалуы және
лақтырылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
►
Зақымдалмаған пышақпен және
зақымдалмаған құрамдас бөлшектермен
жұмыс істеңіз.
►
Пышақты тиісінше орнатыңыз.
► Пышақтарды тиісінше қайраңыз.
► Минималды қалыңдығынан немесе
минималды енінен асырылған жағдайда:
пышақты ауыстырыңыз.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
256 0478-111-9848-B