EasyManua.ls Logo

3M Speedglas Adflo - Page 62

3M Speedglas Adflo
84 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
58
көрсетілген шарттарында пайдаланған кезде ғана қолдану
керек.
Пайдаланушыға арналған нұсқаулықтарда көрсетілмеген
ауыстырғыш-компоненттерін немесе өзгертілген буындарын
пайдалану қорғанысты күрделі түрде бұзып, кепілдемелер
бойынша шағымдарын жоюы немесе өнімнің қорғау және
мақұлдау сыныптауларына сәйкес келмеуіне алып келуі
мүмкін.
3M Ado ауаны күшпен беретін респираторын OFF өшірілген
күйінде пайдалануға болмайды, себебі көміртектің екі
тотығының жылдам жиналуы және бас бөлігі шектерінде
оттегі деңгейінің төмендеуі мүмкін.
Ластанған аймақтан алыстағаныңызға дейін бас жақ бөлігін
шешпеңіз және 3M Ado ауаны күшпен беретін респираторын
өшірмеңіз. OFF өшірілген күйінде тыныс алу мүшелерін әлсіз
қорғау күтіледі немесе күтілмейді.
Егер 3M Ado ауаны күшпен беретін респираторы ауаның
жеткілікті деңгейде беруін қамтамасыз етпесе (әлсіз ауа
ағымы туралы апаттық сигналы), 3M™ Ado™ ауаны күшпен
беретін респиратор жүйесін пайдалануға болмайды. F:1-
Сур.-те көрсетілген ауа ағымын тексеру процедурасын
қолданыңыз.
3M Ado ауаны күшпен беретін респиратор жүйесін тез
жанатын және жарылыс қаупі бар орталарында пайдалануға
болмайды.
Тыныс алу трубкасы ілмек жасап, қоршаған ортада бір
нәрсеге ілініп қалу мүмкіндігін назарға алыңыз.
Егер Сіз ластауыштардың тығыздығына немесе жабдықтың
пайдаланымдық сипаттамаларына қатысты сенімді
болмасаңыз, өндірістегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі
инженерден кеңес алыңыз. Дайындаушы құрал-жабдықты
дұрыс пайдаланбаумен не болмаса дұрыс емес таңдаумен
байланысты бүлінулер үшін жауапкершілікке ие болмайды.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫ ТАҢБАЛАУ
М Ado ауаны автономдық жіберу блогы EN12941 талаптарына
сәйкес таңбаланған.
Ауаны автономдық жіберу блогында дайындалған күні
таңбаланған.
Сүзгілер, қалқаншалар, батареялар мен қуаттауыш
құрылғылардың таңбалау белгілері тиісті пайдалану
нұсқаулықтарында келтірілген.
Құрал-жабдықтағы таңбалау.
= Қолданар алдында нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
= электронды өнімнің қалдықтары ретінде
жойылуға жатады.
= Екінші рет қайта өңделуі мүмкін
= Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні, жылы
/ айы
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Құрал-жабдықтың жинақтылығын (A:1-суретін қараңыз),
сондай-ақ, жабдықтың бүлінбегені мен оның дұрыс жиналғанын
тексеріңіз. Бүлінген және ақаулы бөлшектері пайдаланар
алдында ауыстырылуы тиіс.
3M Ado ауаны күшпен беретін еріксіз келтіруі бар респираторын
белбеуге жанастырыңыз (B:1 суретін қараңыз).
Мақұлданған тыныс алу түтігін, қажет болған жағдайда,
адаптерді таңдап алып (мақұлданған комбинацияларды
анықтамалық үндеу-қосымшасынан қараңыз), 3M Ado
ауаны күшпен беретін респираторына және бас жақ бөлігіне
жалғастырыңыз (C:1 суретіне қараңыз).
3M Ado ауаны күшпен беретін еріксіз келтіруі бар
респираторын әрдайым 3M™ Ado™ аэрозольға қарсы сүзгімен
бірге пайдалану керек. 3M™ Ado™-ның барлық өзге сүзгілері
қосымшалар болып табылады және олар әрқашан тек 3M Ado
аэрозольға қарсы сүзгімен бірге ғана пайдаланылуы тиіс.
Ауа ағынын тексеру және апаттық дабыл қағу жүйесі
Ауа ағыны мен апаттық дабыл қағу жүйесі пайдаланар алдында
әрдайым тексерілуі тиіс (F:1 суретін қараңыз). Ауа шығын өлшеуіші
төменгі теңіз деңгейінің дұрыс оқылуын көрсетпеуі мүмкін.
1. Аэрозольға қарсы сүзгі мен батареяның дұрыс орнатылғанын
және батареяның жеткілікті қуат алғанын тексеріңіз.
2. Тыныс алу түтігін 3M Ado ауаны күшпен беретін
респираторына үйлестіріп, екінші ұшына ауа шығын
өлшегішті жалғастырыңыз.
3. 3M Ado ауаны күшпен беретін респираторын әлсіз
бағытталған ауа ағынында қосыңыз.
4. Ауа шығынын өлшегіштегі ауаны шығаратын тесікті дыбыстық
ескертуді естігенге дейін және қызыл көрсеткіш жанғанға
дейін өз қолыңызбен жауып тұрыңыз.
5. Қолыңызды алып тастаңыз. Енді апаттық сигнал тоқтауы тиіс.
6. Шығынды өлшеу түтігін тігімен көз деңгейінде ұстаңыз.
7. Шариктің қалпына келгеніне дейін күте тұрыңыз (1-6 мин),
содан кейін шариктің түбі шығын өлшегіштен жоғары немесе
дәл сол деңгейде екеніне көз жеткізіңіз. Егер шарик талап
етілетін деңгейге жетпесе, «Олқылықтарды іздеу» бөлімін
қараңыз.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТАР
3M Ado ауаны күшпен беретін респираторын ON батырмасына
бір рет (номиналды ауа ағымы, екі рет (қосымша ауа ағымы) басу
арқылы қосыңыз. ON батырмасына үшінші рет басу 3M Ado
ауаны күшпен беретін респираторын номиналды ауа ағымына
қайтарады.
Бір жасыл көрсеткіші = номиналды ауа ағымы
(техникалық ерекшеліктерге
қараңыз)
Екі жасыл көрсеткіші = қосымша ауа ағымы (техникалық
ерекшеліктерге қараңыз)
3M Ado ауаны күшпен беретін респираторын өшіру үшін OFF
батырмасын, жоқ дегенде, 1 секунд бойы басып тұрыңыз.
Егер қызыл түс дыбыстық ескертумен бірге жанатын болса, бұл
ауа ағымының өте әлсіз (дайындаушының ең төменгі есептік
ағымынан төмен) екенін көрсетеді. Егер әлсіз ағым туралы
апаттық сигналы екі минуттан астам уақыт бойы белсенді
болса, 3M Ado ауаны күшпен беретін респиратор автоматты
түрде өшіп қалады.
3M Ado ауаны күшпен беретін респираторында батареяның
үш шәкілді көрсеткіші бар (E:1 суреті), ол қалған қуаттылықты
көрсетеді. Соңғы шәкіл жанып-өшуді бастап, дыбыстық ескерту
шыққан кезде бұл батареяның 5%-дан кем қуаттылығы
қалғанын білдіреді. Ескерту сигналы біраз уақыттан кейін
біршама өзгереді және 3M Ado ауаны күшпен беретін
респираторы автоматты түрде өшіп қалады. Егжей-тегжейлерін
«Олқылықтарды іздеу» бөлімінен қараңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Құралды жұмсақ әсер ететін детергентпен және сумен
тазалаңыз. Егер сіз тыныс алу түтігінің ішкі жағы ластанды деп
күдіктенсеңіз, оны ауыстыру керек.
Құралдың бүлінуін болдырмау үшін тазалауға арналған
ерітінділерді пайдаланбаңыз. Оны суға батырмаңыз және
сұйықтықтарды пайдалана отырып, тікелей тозаңдатпаңыз.
Аэрозольға қарсы және газға қарсы сүзгілерінің тазартылуы
мүмкін емес. Ластануларды, мысалға, қысылған ауаны
пайдалана отырып кетіруге тырыспаңыз, өйткені бұл сүзгілердің
бүлінуіне алып келуі мүмкін, құрал күтілетін қорғанысты
қамтамасыз етпейтін болады және кепілдемелер жойылады.
3M™ Ado™ ұшқын сөндіргіш /алдын-ала тазалау сүзгісі 3M
Ado аэрозольға қарсы сүзгіні қорғайды және/немесе оның
жарамдылық мерзімін ұзартады және ол үнемі қолданылуы тиіс.

Related product manuals