EasyManua.ls Logo

Grundfos Multilift MD Series - Page 308

Grundfos Multilift MD Series
796 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақша (KZ)
308
3.1 Мақсаты
Grundfos Multilift MD жəне MLD көтеру станциялары
тұрмыстық ағынды суды суағарға еркін ағынсыз жинауға жəне
тартуға арналған. Grundfos Multilift MD жəне MLD көтеру
станциялары келесі сұйықтықтарды жинауға жəне тартуға
арналған:
тұрмыстық ағынды су, соның ішінде нəжіс жоқ сұр ағынды
су, нəжіс (туалеттерден шыққан) бар қара ағынды су
лай бар су.
Көтеру станциялары құрамында талшықтар, маталар, нəжіс,
т.бр
бар сұйықтықтарды суағардан төмен деңгейде көп
жанұялық үйлерден, кеңселерден, мектептерден, қонақ
үйлерден, мейрамханалардан, қоғамдық орындардан жəне
басқа коммерциялық ғимараттардан жəне ұқсас өндірістік
құрылыстардан тарта алады.
Мына екі себеппен Multilift MD жəне MLD су көтеру
станцияларымен жаңбыр суын тартпаңыз:
Су көтеру станцияларының моторлары қатты жаңбыр
жауған жағдайда қажет болуы мүмкін үздіксіз жұмыс істеуге
арналмаған
.
EN 12056-4 стандартына сай ғимарат ішінде жаңбыр суын
су көтеру станциясына жібермеу керек.
Күмəніңіз болса, кеңес алу үшін Grundfos компаниясына
хабарласыңыз.
Су көтеру станциясы арқылы келесі заттарды/ағынды су
түрлерін шығармаңыз:
қатты заттар, құм, цемент, күл,картон, қоқыс, т.б.
санитарлық орнатулардың сарқынды сулары тасқын
деңгейінен жоғары ( бұл еркін ағындренаж жүйесімен
сəйкес
EN 12056-1 қотарылуы керек)
қауіпті заттар бар ағынды су, мысалы, өлшемі үлкен
қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан сұр ағынды су.
Майлы ағынды суды төгу үшін асхана немесе
коммерциялық асхана мен Multilift MD немесе MLD
арасында EN 1825-2 стандартына сай май сепараторын
пайдаланыңыз.
4. Тасымалдау жəне сақтау
Ұзақ кезең сақтағанда, LC 221 контроллерін судан жəне
ыстықтан қорғау керек.
Ұзақ кезең сақтағаннан кейін қайтадан іске қосу алдында
сорғыларды тексеру керек. Жұмыс дөңгелектерінің еркін
айналатынын тексеріңіз.
5. Өнім сиппаттамасы
MD жəне MLD Multilift су көтеру станциялары келесі
бөлімдерде сипатталған:
5.1 Сорап станциясы бөлімінде жинау қоймасы, сорғылар,
бір бағыттық клапан жəне деңгей датчигі бар су көтеру
станциясы сипатталған.
5.2 LC 221 контроллері бөлімінде контроллер, сондай-ақ,
контроллердің функциялары мен оны пайдалану
сипатталған.
7. Су көтеру станциясын орнату жəне келесі бөлімдерде
жоғарыдағы құрамдастар бір құрылғы ретінде сипатталған
.
5.1 Сорап станциясы
Grundfos Multilift M су көтеру станциялары ультрадыбыстық
деңгей датчигі кірістірілген LC 221 контроллеріне қосылған бір
немесе үш фазалық батырылатын сорғылар бар күйде
толығымен қамтамасыз етіледі.
Түр кілті, су көтеру станциясы
Зауыттық тақтайша, су көтеру станциясы
3. сур. Зауыттық тақтайша, су көтеру станциясы
Назар аударыңыз
Мотордың көтеру скобасы тек сорғыны
көтеруге арналған. Ешқашан көтеру
скобасының көмегімен су көтеру
станциясын көтермеңіз немесе түсірмеңіз.
Ескерту
Су көтеру станциясын жинау қоймасынан
көтеріңіз.
Мысыл M L D .22 .3 .4
Multilift су көтеру станциясы
L = үлкен қойма
D = 2 сорғы
Шығыс қуат, P2 / 100 (Вт)
1 = бір фазалық мотор
3 = үш фазалық мотор
2 = 2-полюстік мотор
4 = 4-полюстік мотор
TM04 7639 2210
Орын Сипаттама
1 Типтік белгі
2 Өнім нөмірі
3 Өнім коды (жыл/апта)
4 Ток жиілігі [Гц]
5 Фазалар саны + кернеу (В)
6 Кернеу [В]
7 Толық жүктеме тогы [A]
8
Электр қозғалтқышының пайдаланатын қуаттылығы
P1 [кВт]
9CE белгісі
10 Міндет түрі
11 Cериялық номері
12
Ең жоғары ағын жылдамдығы [м
3
/сағ]
13 Ең төмен қысым [м]
14 Максималды қысым [м]
15
Айдалатын сұйықтықтың максималды
температурасы [°C]
16 Ең жоғары қоршаған орта температурасы [°C]
17 Салмақ [кг]
18 Бос

Table of Contents

Related product manuals