40
Copyright © 2014 Samsung Electronics
•
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
•
Суреттердің сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
•
Құрылғы екінші құрылғыға сымсыз қосылым арқылы қосылса, құрылғыны қосылған құрылғыға жақын
орналастырыңыз. Әйтпесе, құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе оған сигнал кедергілері әсер
етуі мүмкін.
•
Құрылғы мен екінші Bluetooth құрылғысы ең үлкен Bluetooth ауқымының шеңберінде (10 м) екеніне көз
жеткізіңіз. Ауқым құрылғы пайдаланылатын ортаға байланысты өзгеруі мүмкін.
•
Сымсыз қосылымды пайдаланған кезде құрылғы мен қосылған құрылғы арасында кедергілер жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Кедергілер қабырғаларды және қоршамдарды қамтиды. Егер құрылғылар
арасында кедергілер болса, жұмыс қашықтығы төмендеуі мүмкін.
•
Қосылған құрылғыдағы Bluetooth антеннасы жабылмағанына немесе оған кедергі жасалмағанына көз
жеткізіңіз.
•
Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен бірдей жиілікті
пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар орнатқанда кедергілер орын алуы
мүмкін.
•
Samsung компаниясы Bluetooth мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе алынған деректердің жоғалуына,
ұсталуына немесе дұрыс емес пайдаланылуына жауапты емес.
•
Әрқашан сенімді және тиісті түрде қорғалған құрылғылармен деректерді бөлісіңіз және алыңыз.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген құрылғылар
құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың пираттық
көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз түрде алу). Samsung
компаниясы Bluetooth мүмкіндігін заңсыз пайдаланудың салдарларына жауапты емес.
Қазақ тілі