EasyManua.ls Logo

Samsung Level Over - Page 48

Samsung Level Over
53 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
48
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Өзіңізді не басқаларды жарақаттап немесе
құрылғыны зақымдап алмау үшін құрылғыны
пайдалану алдында құрылғы туралы қауіпсіздік
ақпаратын оқыңыз. Кейбір мазмұн құрылғыңыз
үшін қол жетімді болмауы мүмкін.
Қуат сымын ылғал қолмен ұстамаңыз немесе
зарядтағышты қуат сымын тартып ажыратпаңыз
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды,
зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және
жабдықтарды пайдаланыңыз
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не
соғып алмаңыз
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа
толқынды пештердің, ысытып пісіретін
жабдықтың немесе жоғары қысымды
контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде
сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C
температура арасында пайдалану ұсынылады
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында
сақтамаңыз
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз
немесе жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер
өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға
қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Фондық шуды жою
Бұл мүмкіндікті құрылғыны фондық шуды жоюға
реттеу үшін пайдаланыңыз.
Бұл мүмкіндікті қосу үшін «Тіркеу» түймесін
басыңыз. Бұл мүмкіндік қосулы болса, хабарлау
шамы жасыл түспен жыпылықтайды.
Бұл мүмкіндікті өшіру үшін «Тіркеу» түймесін
басыңыз. Бұл мүмкіндік өшірілгеннен кейін
хабарлау шамы сары түспен жыпылықтайды.
Құрылғының артындағы шуды басатын
микрофондарға тисеңіз, шу орын алуы
мүмкін.
Samsung Level
Қосылған құрылғыда осы қолданбаны Google
Play немесе Samsung Apps дүкенінен жүктеңіз.
Құрылғыңызды қосыңыз және Samsung Level
қолданбасын әр түрлі функцияларға қол жеткізу
үшін пайдаланыңыз.
•
Бұл қолданба Android операциялық
жүйесінің 4.2.2 немесе одан кейінгі
нұсқасы орнатылған Samsung
смартфондарымен үйлесімді. Функциялар
смартфонға немесе операциялық жүйеге
байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
•
Бұл қолданбаны пайдалану үшін
құрылғылар Bluetooth мүмкіндігі арқылы
қосылғанына көз жеткізіңіз.

Related product manuals