EasyManua.ls Logo

Stihl EVC 4000.1 - 5.2 Мотор майын құю; 6 Тазарту; 6.1 Қозғалтқышты тазалау; 7 Қызмет көрсету

Stihl EVC 4000.1
204 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
5.2 Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Назар аударыңыз
Қозғалтқыш мотор майынсыз жеткізіледі.
Рұқсатты май деңгейінен асыру және
төмендету қозғалтқыштың зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
Алғаш рет іске қосудан бұрын мотор
майын құйыңыз.
STIHL құрылғысын тегіс жерге қойыңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз.
Мотор майын максималды толтыру
деңгейіне (2) жеткенше арнайы құйғышпен
құйыңыз.
Май көлемі мына шаманы құрайды:
Алғаш рет құйған кезде: 1,2 литр
Май ауыстырған кезде: 1,1 литр
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
кіргізіңіз.
Әр іске қосу алдында мотор майының
деңгейін тексеріңіз. 7.2. Қажет болса,
мотор майын тағы құйыңыз.
Қозғалтқыш стандартты 4 тактілі мотор
майына арналған.
SF, SG, SH, SJ және одан жоғары кластарға
жататын мотор майларын пайдаланыңыз.
STIHL компаниясы төмендегі мотор
майларын пайдалануға кеңес береді:
SAE 30
SAE 10W-30
Май маркасы STIHL құрылғысының қолдану
аясында басымды сыртқы
температураларға бейімделген:
4°C шамасынан жоғары температураларда
қолдану: SAE 30
4°C шамасынан төмен температураларда
қолдану: SAE 10W-30
6 Тазарту
6.1 Қозғалтқышты тазалау
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Қозғалтқышты суытыңыз.
Қозғалтқышты ылғалды шүберекпен
тазалаңыз.
Желдету ойықтарын жаққышпен тазалаңыз.
7 Қызмет көрсету
7.1 Техникалық қызмет көрсету
аралықтары
Техникалық қызмет көрсету аралықтары
қоршаған орта жағдайларына және жұмыс
жүргізу шарттарына байланысты. STIHL
төмендегі техникалық қызмет көрсету
аралықтарын ұсынады:
Әр қолданар алдында:
Май деңгейін тексеру,
7.2.
Ауа сүзгісін тексеру, 7.3.
Бірінші айдан кейін немесе 5 жұмыс
сағатынан кейін:
Мотор майын ауыстыру,
7.6.
Әр 3 ай сайын немесе 25 жұмыс сағатынан
кейін:
Ауа сүзгісін тазалау,
7.4.
Әр 12 ай сайын немесе 100 жұмыс сағатынан
кейін:
Мотор майын ауыстыру,
7.6.
Оталдыру білтесін тексеру, 7.5.
Ауа сүзгісін ауыстыру, 7.3.
Құрылғыны делдалға тексертіңіз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарына жүгінуге
кеңес береді.
Әр 24 ай сайын немесе 200 жұмыс сағатынан
кейін:
6 Тазарту қазақ
0478-983-9913-B 123

Table of Contents

Related product manuals