EasyManua.ls Logo

Stihl EVC 4000.1 - 7.2 Май деңгейін тексеру; 7.3 Ауа сүзгісін ауыстыру; 7.4 Ауа сүзгісін тазалау

Stihl EVC 4000.1
204 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Оталдыру білтесін ауыстыру, 7.5.
Жанармай шлангілерін тексеріңіз және
қажетінше жаңасына ауыстырыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарына жүгінуге
кеңес береді.
7.2 Май деңгейін тексеру
STIHL құрылғысын тегіс жерге қойыңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз және шүберекпен тазалаңыз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) құю келте
құбырына енгізіңіз, бұрап бекітпеңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін алып тастаңыз
және деңгей шкаласындағы (2) май
деңгейін қараңыз. Қажет болса, мотор
майын максималды толтыру деңгейіне (3)
жеткенше арнайы құйғышпен қайта
құйыңыз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
кіргізіңіз.
7.3 Ауа сүзгісін ауыстыру
Қозғалтқышты өшіріңіз.
STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
Ауа сүзгісінің қақпағы мен корпусын
шүберекпен тазалаңыз.
Айналмалы тұтқаларды (1) босатыңыз.
Қақпақты (2) алып тастаңыз.
Сүзгіш элементті (3) шығарыңыз.
Пенопласт сүзгісін (4) қағаз сүзгісінен (5)
шығарыңыз.
Сүзгіш элементті (3) және сүзгіні (4, 5)
тексеріңіз. Сүзгіде зақымдар немесе өте
қатты ластану анықталса, бөліктерді
ауыстырыңыз.
Жаңа пенопласт сүзгісін (4) орнатпас бұрын
таза мотор майына батырыңыз. Артық
мотор майын сығып алыңыз.
Пенопласт сүзгісін (4) қағаз сүзгісіне (5)
салыңыз.
Сүзгіш элементті (3) енгізіңіз.
Қақпақты (2) орнатыңыз.
Айналмалы тұтқаларды (1) бұрап кіргізіңіз.
7.4 Ауа сүзгісін тазалау
Ауа сүзгісін көрсетілген техникалық қызмет
көрсету аралықтарында тазалаңыз,
7.1.
STIHL құрылғысын шаңды орталарда
қолданған кезде сүзгіні жиірек тазалаңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
STIHL құрылғысын беті тегіс жерге
қойыңыз.
Ауа сүзгісінің қақпағы мен корпусын
шүберекпен тазалаңыз.
Сүзгіш элементті шешіп алыңыз, 7.3.
Көбікті материалдан жасалған сүзгіні (1)
сабын ерітіндісімен жуып алып, кептіріңіз.
Ластанған сабын ерітіндісін қоршаған орта
үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратыңыз.
Тазаланған көбікті материалдан жасалған
сүзгіні (1) орнатпас бұрын таза мотор
майына батырыңыз. Артық мотор майын
сығып алыңыз.
қазақ 7 Қызмет көрсету
124 0478-983-9913-B

Table of Contents

Related product manuals