EasyManua.ls Logo

Stihl RM 248.2 T - Page 269

Stihl RM 248.2 T
480 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталған от алдыру
білтелерін қолданыңыз.
От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
От алдыру білтесі сымының штекерін
мықтап қысыңыз.
Егер көгалшапқыш қозғалтқыш үшін
жарамсыз бензинмен толтырылса,
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығындағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
4.8 Жұмыс істеу
Сақтандыру
Егер пайдаланушы қозғалтқышты дұрыс
іске қоспаса, пайдаланушы көгалшапқышты
бақылау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
Қозғалтқышты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
іске қосыңыз.
Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлауы және ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
Тек жақсы көрерлік жағдайында
шабыңыз. Жарық және көрерлік
жағдайлары нашар болса,
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
Көгалшапқышты жалғыз басқарыңыз.
Бөгеттерге назар аударыңыз.
Көгалшапқышты төңкермеңіз.
Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдік сақтаңыз.
Шаршағандық сезінген жағдайда: үзіліс
жасаңыз.
Еңісте қозғалған жағдайда: еңіс бойымен
шабыңыз.
25° (46,6%) шамасынан жоғары болатын
еңіс жерлерде жұмыс істеуге болмайды.
Еңістер, алқап жиектері, арықтар, қоқыс
тастайтын жерлер мен бөгеттердің
жанында жұмыс істеген кезде
көгалшапқышты абайлап пайдаланыңыз.
Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады. Ішке
тартылған газдар адамның улануына әкелуі
мүмкін.
Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
Көгалшапқышпен жақсы желдетілетін
жерде жұмыс істеңіз.
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
қабілетіңіз нашарлаған, есту қабілетіңіз
нашарлаған немесе басыңыз айналған
жағдайда: жұмысты аяқтап, дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
Көгалшапқыш қозғалтқышты тоқтату
құрылғысымен жабдықталған.
Қозғалтқыш пен пышақ шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын жіберу
арқылы 3 секунд ішінде тоқтап қалады.
Айналып тұрған пышақ пайдаланушыны
кесіп алуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
От алдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
Айналмалы пышақпен
жанаспаңыз.
Пышақ бөгде затпен бұғатталған
жағдайда: қозғалтқышты өшіріңіз.
Тек осыдан кейін бөгде затты
кетіріңіз.
Қозғалғыш механизм жетегінсіз жұмыс
істеген жағдайда, қозғалғыш механизм
жетегі кенет қосылуы мүмкін және
көгалшапқыш қозғала бастайды. Адамдар
ауыр жарақат алуы және материалдық
зияннан зардап шегуі мүмкін.
Қозғалғыш механизм жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын қозғалғыш
механизм жетегін қосу қажет болғанда
ғана іске қосыңыз.
Көгалшапқыш жұмыс барысында өзгертілсе
немесе қалаусыз түрде тоқтатылса,
көгалшапқыш қауіпсіз күйде болмауы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
Жұмысты аяқтаңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0478-111-9849-A 269

Table of Contents

Related product manuals