EasyManua.ls Logo

Stihl RM 248.2 T - Көгалшапқышты Құрастыру

Stihl RM 248.2 T
480 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Төмендегі құрамдас бөлшектердің қауіпсіз
күйде болуына көз жеткізіңіз:
Көгалшапқыш, 4.6.1.
Пышақ, 4.6.2.
Көгалшапқышты тазалаңыз, 15.
Пышақты тексеріңіз, 10.1.
Бас тұтқаны орнатыңыз, 6.1.
Мотор майын құйыңыз, 6.3.
Бас тұтқаны жайыңыз, 8.1.
Көгалшапқышқа жанармай құйыңыз, 7.
Шөп шабу және шабылған шөпті шөп
жинағышқа жинау қажет болса: шөп
жинағышты іліңіз, 6.2.2.
Шөп шабу қажет және шабылған шөп
артынан түсіріліп отыруы тиіс болса: шөп
жинағышты шешіп алыңыз,
6.2.3.
Кесік биіктігін реттеңіз,
11.2.
Басқару элементтерін тексеріңіз, 10.2.
Аталған әрекеттерді орындау мүмкін
болмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына хабарласыңыз.
6 Көгалшапқышты
құрастыру
6.1 Бас тұтқаны орнату
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Бұранданы (1) арқан бағыттауышы (2)
арқылы өткізіңіз.
Арқан жетектерін (3 және 4) арқан
бағыттауышына (2) іліңіз.
Бас тұтқаны (5) саңылаулар сәйкес
келетіндей ұстағыштарда (6) ұстап
тұрыңыз.
Бұрандаларды (1 және 7) іштен сыртқа
қарай саңылаулар арқылы өткізіңіз.
Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкаларды (8)
бұрап бекітіңіз және мықтап тартыңыз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (9) бас тұтқаға (5) басып тұрыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (10) жетек
арқанының бағыттауышына (11) қарай
тартыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (10) жетек
арқанының бағыттауышына (11) іліп
қойыңыз.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (9) жіберіңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны (5) қайтадан шешіп қою қажет
емес.
6.2 Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1 Шөп жинағышты монтаждау
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың астыңғы жағына (2)
орнатыңыз.
Қапсырмалар (3) және бағыттауыштар (5)
ішінде тұруы керек. Ысырмалар (3)
саңылаулардың (4) биіктігінде орналасуы
қажет.
Ысырмаларды (3) бірінен кейін бірі арттан
алға қарай саңылауларға (4) кіргізіңіз.
Ысырмалар (3) шерту дыбысымен тіреледі.
6.2.2 Шөп жинағышты ілу
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
қазақ 6 Көгалшапқышты құрастыру
272 0478-111-9849-A

Table of Contents

Related product manuals