кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
►
Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
►
Күн күркіреген кезде: Жұмыс істемеңіз.
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
►
Жаңбыр жауғанда: Жұмыс істемеңіз.
4.9 Тасымалдау
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылуы немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
►
Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен сәйкес келетін жүк тиеу бетіне
бекітіңіз.
■
Қозғалтқыш жұмыс істеген болса, дыбысты
басқыш пен қозғалтқыш ыстық болуы
мүмкін. Тасымалдау кезінде пайдаланушы
денесін күйдіріп алуы мүмкін.
►
Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
■ Көгалшапқыштың салмағы ауыр.
Көгалшапқышты жалғыз тасымалдаған
жағдайда пайдаланушы бір жерін
жарақаттап алуы мүмкін.
►
Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Көгалшапқышты екі адам көтеруі тиіс.
■ Тасымалдау кезінде бензин төгілуі және
қоршаған ортаны ластап, материалдық
шығын келтіруі мүмкін.
►
Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
► Құрылғыны бензині жоқ күйде
тасымалдаңыз.
4.10 Сақтау
Сақтандыру
■
Балалар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы
мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
►
Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Металл компоненттерді ылғал әсерінен тот
басуы мүмкін. Көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
►
Көгалшапқышты таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
■ Көгалшапқыш құлама беттерге сақтауға
қойылған жағдайда, ол кенет домалап кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
►
Көгалшапқышты тек тегіс беттерге
сақтауға қойыңыз.
4.11 Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, адамдар ауыр жарақат
алуы немесе материалдық зиян келтірілуі
мүмкін.
►
Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, қозғалғыш механизм
жетегі абайсызда қосылып кетуі мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
►
Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеген болса, дыбысты
басқыш пен қозғалтқыш ыстық болуы
мүмкін. Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
►
Дыбысты басқыш пен қозғалтқыш
суығанша күтіңіз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0478-111-9800-B 289