Кесік биіктігін реттеу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Көгалшапқышты тұтқасынан (1) ұстаңыз.
► Иінтіректі (2) басып тұрыңыз.
► Көгалшапқышты көтеріп түсіру арқылы
қажетті позицияға қойыңыз.
Нақты кесік биіктігін кесік биіктігінің
индикаторындағы (3) белгінің (4) көмегімен
оқып шығуға болады.
► Иінтіректі (2) жіберіңіз.
Көгалшапқыш бекітіледі.
11.3 Шабу және жабындау
Көгалшапқыш көпфункциялы пышақпен
жабдықталған және оны шабу немесе
жабындау үшін пайдалануға болады.
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
11.4 Шөп жинағышты босату
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде, ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөпжинағышты толтыру
индикаторы (2) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты босатуға
нұсқау болып табылады.
Шөп жинағышты толтыру индикаторының
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
немесе т.с.с. әсерлер ауа ағынына және шөп
жинағышты толтыру индикаторының
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
► Шөп жинағышты толтыру индикаторы
қозғалыссыз күйге қайтып оралса: Шөп
жинағышты босатыңыз.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Құлыптау ысырмасын (1) ашыңыз.
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (2)
тұтқасынан (3) ашып, ұстап тұрыңыз.
► Екінші қолмен астыңғы тұтқаны (4) ұстап
алыңыз.
► Шөп жинағышты босатыңыз.
► Шөп жинағышты жинаңыз.
► Шөп жинағышты іліңіз.
12 Жұмыс аяқталғаннан
кейін
12.1 Жұмыс істегеннен кейін
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқыш сулы болса: көгалшапқышты
кептіріңіз.
► Көгалшапқышты тазалаңыз.
13 Тасымалдау
13.1 Көгалшапқышты тасымалдау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
12 Жұмыс аяқталғаннан кейін қазақ
0478-111-9800-B 295