85
KK
ҚҰРЫЛҒЫ МЕН БАРЛЫҚ
ФУНКЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
• Тостағанның сыртын мұқият сүртіңіз (әсіресе, түбін). Тостаған
астында және жылыту элементінде бөгде қалдықтар немесе
сұйықтық жоқ екенін тексеріңіз — 5-сурет.
• Тостағанның құрылғыға дұрыс орналастырылғанын тексеріп
салыңыз — 6-сурет.
• Ішкі қақпақ дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
• Қақпақты сырт еткен дыбыс шыққанша жабыңыз.
• Қуат сымының бір ұшын мультипісіргіштің негізіне, содан
кейін қуат көзіне жалғаңыз. Құрылғы «бип» еткен ұзақ сигнал
шығарып, басқару панеліндегі барлық индикаторлар біз
мезетке жанады. Содан кейін экранда «----» көрсетіледі,
барлық индикаторлар өшеді. Құрылғы күту режиміне кіреді, сіз
қалаған мәзір функцияларын таңдай аласыз.
• Өнім қуат көзіне қосылып тұрғанда және тамақ піскен кезде,
қыздыру элементін ұстауға болмайды. Пайдаланып жатқанда
немесе тура әзірлеуден кейін өнімді алып жүрмеңіз.
• Бұл құрылғы тек бөлме ішінде пайдалануға арналған.
Тамақ пісіп жатқанда, қолыңызды бу шығатын саңылауға
жақындатпаңыз, күйіп қалуы мүмкін - 10-сурет.
Тамақ пісіп жатқанда, қате шығып, таңдалған пісіру мәзірін
өзгерту қажет болса, «KEEP WARM/CANCEL» (ЖЫЛУДЫ
САҚТАУ/БАС ТАРТУ) түймесін басып, қажетті мәзірді
таңдаңыз.
Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген ішкі тостағанды
пайдаланыңыз.
Ішінде табақ жоқ құрылғыға суды құймаңыз немесе
ингредиенттерді салмаңыз.
Құйылған су мен салынған азық-түліктердің мөлшері
тостағанның ішіндегі ең жоғары белгіден аспауы керек
7-сурет.