EasyManua.ls Logo

TEFAL EXPERTCOOK - Page 96

TEFAL EXPERTCOOK
108 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
96
KEEP WARM/CANCEL
(ЖЫЛУДЫ САҚТАУ/БАС ТАРТУ) ФУНКЦИЯСЫ
• Мультипісіргіш күту режимінде болғанда, жылуды сақтау
бағдарламасын бастау үшін, «Keep Warm/Cancel» (Жылуды
сақтау/Бас тарту) түймесін басыңыз. «Keep Warm / Cancel»
(Жылуды сақтау/Бас тарту) шамы жанады және экранда
жылуды сақтау функциясы қосылған уақыт көрсетіледі.
• Мультипісіргіш бағдарламада болғанда параметрлерді қайта
қалпына келтіру үшін «Keep Warm/Cancel» (Жылуды сақтау/Бас
тарту) түймесін басыңыз және күту режиміне қайтарыңыз.
• Келесі әзірлеу бағдарламасы үшін автоматты жылуды сақтауды
«Keep warm/Cancel» (Жылуды сақтау/Бас тарту) түймесін 5
секунд бойы басу арқылы жоюға болады және «Keep warm/
Cancel» (Жылуды сақтау/Бас тарту) шамы өшеді.
• Жылуды максималды сақтау уақыты — 12 сағат.
Ұсыныс:
Тамақ дәмін сақтау үшін, жылуды сақтау функциясы 12 сағаттан
аспауы керек.
«DIY» (АСПАЗ РЕЖИМІ) ФУНКЦИЯСЫ
• «Do It Yourself» (Аспаз режимі) функциясы өзіңізге ұнайтын
рецептілерді сақтап қояды.
• Мультипісіргіш күту режимінде болғанда «DIY» (Аспаз режимі)
параметрін қосу үшін, «DIY» (Аспаз режимі) түймесін басыңыз,
Экранда әдепкі әзірлеу уақыты көрсетіліп, «Бастау» шамы
жыпылықтайды.
• Әзірлеу уақытын алдымен «Timer» (Таймер) түймесін, содан кейін
«+» және «−» түймелерін басу арқылы өзгертуге болады. Содан
кейін «Temperature» (Температура) түймесін басыңыз, содан кейін
температураны баптау үшін «+» және «-» түймелерін басыңыз.
• Әзірлеудің соңында мультипісіргіш 5 рет дыбыстық сигнал
шығарады.
Ескертпе:
Мультипісіргіш «DIY» (Аспаз режимі) функциясының соңғы
температурасы мен пісіру уақытын еске сақтай алады.

Table of Contents

Related product manuals