15
КОФЕҚАЙНАТҚЫШ VT-8468
Кофеқайнатқыш «ЭСПРЕССО» кофесін қайнатуға
және «КАПУЧИНО» кофесін әзірлеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Тостағандарды ысытуға арналған алаңша
2. Іске қосу/өшіру батырмасы «ON/OFF»
3. Эспрессо/ыстық су құятын батырма
4. Бу шығару батырмасы
5. Сүзгішті ұстағыштың қолсабы
6. Тамшыларға арналған табандық
7. Бу шығаратын қолсап
8. Капучинатор-түтік
9. Суға арналған сұйыққойма
10. 1 тостағанға арналған шағын сүзгіш
11. 2 тостағанға арналған үлкен сүзгіш
12. Сүзгішті ұстағыш
13. Өлшейтін қасық
14. Тамшыларға арналған табандық торы
15. Табандық толуының қалқымалы индикаторы
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
•
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша басшылықпен мұқият танысыңыз.
Берілген басшылықты бүкіл пайдалану мерзімі
бойы сақтаңыз.
•
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның сынуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруі мүмкін.
•
Алғашқы іске қосу алдында кофеқайнатқыштың
жұмыс кернеуі электр желісіндегі кернеуге
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Желі бауы «еуроашамен» жабдықталған; оны
жерге сенімді қосылған байланысы бар электр
розеткасына қосыңыз.
•
Өрт қаупіне жол бермеу үшін кофеқай-
натқышты электрлк розеткаға қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдалануға болмайды.
•
Кофеқайнатқышты тек қана оның тікелей
мақсаты бойынша пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайда-
ланбаңыз.
•
Ешқашан кофеқайнатқышты температурасы
0°C-тан төмен үй-жайда қалдырмаңыз және
сақтамаңыз.
•
Кофеқайнатқышты құрғақ тегіс тұрақты бетке
орнатыңыз, құрылғыны үстелдің шетіне қоймаңыз.
•
Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
•
Кофеқайнатқышты жылу, ылғал немесе ашық
от көздерінің тікелей қасында пайдаланбаңыз.
•
Желі бауының үстелден салбырауын
болдырмаңыз және жиһаздардың өткір
шеттеріне, ыстық беткейлерге тиіп тұрмауын
қадағалаңыз.
•
Шығып жатқан бумен жұмыс істеген уақытта
абайлық сақтаңыз.
•
Электр тоғының соққысына жол бермеу үшін
кофеқайнатқышты, желі бауын және желі
бауының ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін жабдықтарды ғана
пайдаланыңыз.
•
Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
•
Тек таза салқын суды ғана пайдаланыңыз, суға
арналған тұрмыстық сүзгіштерден қосымша
тазартудан өткен суды пайдалану ұсынылады.
•
Кофеқайнатқышты іске қосу алдында
барлық алынбалы бөлшектердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған кофеқайнатқышты
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Желі бауына, желі бауының ашасына, кофе-
қайнатқыш корпусына су қолмен тиіспеңіз.
•
Күйіп қалуға жол бермеу үшін кофе әзірлеу
процесінде және құралды сөндіргеннен
кейін бірден кофеқайнатқыштың ыстық
беттеріне (сүзгішті ұстағышқа, бойлерге, түтік-
капучинаторға) қолыңызды тигізбеңіз.
•
Жабдықтарын шешу немесе тазалау алдында
құралды толық суыту керек.
•
Сүзгіштің ұстағышын кофеқайнатқыш жұмыс
істеп тұрған кезде шешуге тыйым салынады.
•
Құрылғыны тазалау алдында немесе пайдалан-
байтын болған жағдайда, кофеқайнатқышты
электр желісінен ажыратыңыз.
•
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан
кезде желі бауынан тартпаңыз, желі бауының
ашасынан ұстаңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
•
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
•
Осы құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған.
•
Жұмыс кезінде және суыту кезінде құралды
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
•
Балалардың жұмыс істеп тұрған құралға және
оның желілік бауын ұстауына рұқсат бермеңіз.
•
Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана
мүмкіндіктері төмендетілген тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) немесе оларда