EasyManua.ls Logo

Vitek VT-8468 - Жұмысқа Дайындық

Vitek VT-8468
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
16
ҚАЗАҚША
өмірлік тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген
болмаса, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
Кофеқайнатқыш корпусының, қуаттандыру
бауының немесе қуаттандыру бауы ашасының
қандай да бір зақымданулары болғанда,
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті маман
ауыстыруы тиіс.
Аспапты өздігіңізден жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өздігіңізден
бөлшектемеңіз, кез-келген бұзылыс пайда
болғанда, сондай-ақ құрылғы құлаған
болса, құрылғыны электр розеткасынан
сөндіріңіз және кепілдік талонында және
www.vitek.ru сайтында көрсетілген байланыс
мекен-жайлары бойынша кез-келген
авторландырылған (уәкілетті) сервистік
орталыққа жүгініңіз.
Құрылғыны тек зауыт қаптамасында ғана
тасымалдаңыз.
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕР-
ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағ-
дайында тасымалдаған немесе сақтаған
кезде, оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт бойы ұстау қажет.
Кофеқайнатқышты қаптамадан шығарыңыз
және орайтын материалдарды жойыңыз.
Аксессуарлардың жинақтылығын тексеріңіз.
Барлық шешілмелі бөлшектерді тазалаңыз.
Кофеқайнатқышты бірінші рет пайдаланудың
алдында барлық шешілмелі бөлшектерді (9, 10,
11, 12, 13) жылы сумен 2-3 рет жуып, кептіріңіз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Кофеқайнатқыштың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін
қолсапты (7) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
«OFF» тірелгенге дейін бұраңыз.
Қосудың алдында электр желісінің кернеуі
құралдың корпусында көрсетілген кернеуге
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Сыйымдылықты (9) шешіп алыңыз, оған суық
суды MAX белгісіне дейін толтырыңыз және
оны орнына қойыңыз.
Ескертпе: Сұйыққойманы (9) қайтадан
кофеқайнатқышқа орнатқан кезде су тартатын
түтікті сұйыққойманың ішіне алдын-ала
салыңыз.
Кофеге арналған сүзгішті (10 немесе 11)
ұстағышқа (12) салыңыз. Кофеге арналған
сүзгіштің (10 немесе 11) шығыңқы жері
ұстағыштың (12) саңылауына (саңылау сүзгішті
ұстағыштың (5) қолсабы жағында орналасқан)
сәйкес келуі керек. Одан кейін кофеге арналған
сүзгішті (10 немесе 11) өзінен ары қарай
шығыңқы жерімен бұрау керек. Ол сүзгіштегі
кофенің қалдықтарын тазалаған кезде
ұстағыштағы сүзгішті сенімді ұстауға керек.
Сүзгіш ұстағышын кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқы жерлері
(12) бойлердегі «INSERT» саңылауға сәйкес
келуі керек (сүзгішті ұстағыштың қолсабы (5)
45 градусқа солға қарайды); одан кейін сүзгішті
ұстағыштың қолсабын (5) тірелгенге дейін
«LOCK» бұраңыз.
Тиісті тостағанды табандық (6) торына (14)
қойыңыз.
Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
Қосу/өшіру батырмасын (2) «ON/OFF» басу
арқылы кофеқайнатқашты қосыңыз, осы ретте
батырманың (2) көмескі жарығы қызыл түспен
жанады.
Бойлерге су толтыру үшін батырманы (3)
басыңыз, 15-20 секунд өткеннен кейін немесе
тостағанда су көрінген алғашқы сәтте су жіберуді
тағы бір рет батырманы (3) басып сөндіріңіз.
Су жіберу батырмасының жарығы (3)
тұрақты ақ түспен жанғанға дейін күтіңіз,
кофеқайнатқыш жұмысқа дайын.
Бойлерді суға толтыру кофеқайнатқышты
алғашқы рет қосу кезінде әуе тығынын кетіру
үшін қажет.
Су жіберу батырмасын (3) басыңыз және
бойлерді жуып жіберіңіз.
Тостағанның көлеміне қарай бұл шараны
бірнеше рет қайталаңыз, осыдан кейін бойлер
жуылған болады.

Related product manuals