17
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Батырмалар (3), (4) басулы тұрған кезде
сүзгіш ұстағышын (12) шешуге тыйым
салынады
– Сүзгіш ұстағышты (12) кофе әзірленіп
болғаннан кейін бірден шешіп алмаңыз,
себебі сүзгінің ішінде шамадан тыс су және бу
қысымы болуы мүмкін, кофеқайнатқыштың
суығанын күтіңіз.
– Сүзгіш ұстағышын (12) шешіп алу үшін
қолсапты(5)сол жаққа«INSERT» бұрыңыз
және сүзгіш ұстағышын (12) шешіп алыңыз.
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
•
Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін
қолсапты (7) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
«OFF» тірелгенге дейін бұраңыз.
•
Ыдыстағы (9) судың жеткілікті екеніне көз
жеткізіп алыңыз. Қажет болған жағдайда
қосымша су құйыңыз, бірақ, MAX белгісінен
асырмаңыз.
•
Кофеге арналған сүзгішті (10 немесе 11)
ұстағышқа (12) салыңыз.
•
Ұнтақталған кофені сүзгіге (10 немесе 11)
салыңыз, ұнтақталған кофені өлшегіш
қасықтың (13) артқы жағымен сәл тығыздаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын (12) кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқылары (12)
бойлердің «INSERT» саңылауына сәйкес
келуі керек, содан кейін сүзгіш ұстағышының
қолсабын (5) тірелгенге «LOCK» дейін оңға
қарай бұраңыз.
•
Бір немесе екі тостағанды табандық (6) торына
(14) қойыңыз.
•
Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
•
Қосу/өшіру батырмасын (2) «ON/OFF» басу
арқылы кофеқайнатқышты қосыңыз, осы кезде
батырманың (2) көмескі жарығы жанады.
•
Су жіберу батырмасының көмескі жарығы (3)
тұрақты жанғанға дейін күтіңіз, кофеқайнатқыш
жұмысқа дайын.
•
Су жіберуді қосыңыз, ол үшін батырманы (3)
басыңыз, дайын кофенің тостағанға толуын
бақылап тұрыңыз, су жіберуді өшіру үшін
батырманы (3) басыңыз.
•
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын (2)
басу арқылы өшіріңіз, батырмалардың (2, 3, 4)
көмескі жарығы өшеді.
•
Кофеқайнатқыштың суығанын күтіңіз және
сүзгіш ұстағышын (12) шешіп алыңыз, ол үшін
қолсапты (5) «INSERT» сол жаққа бұрыңыз.
Үгетілген кофенің қалдықтарын тазалаңыз
және сүзгішті (10) немесе (11) жуыңыз.
Ескертпе:
– Пайдаланылатын шыныаяқтарды алдын
ала қыздырып алу қажет, бойлердегі су
қыздырылып жатқан кезде, шыныаяқты
алаңшаға (1) орнатыңыз.
– Сүзгіш ұстағышын жедел түрде шешу қажет
болса, бойлердегі қысымды төмендетіп,
кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын
(2) басып өшіру керек, капучинатор-түтікшесі
ұштамасының (8) астына тиісті тостағанды
қойыңыз және бу шығаруды сәл ашыңыз, ол үшін
реттегішті (7) «OFF--- +» сағат тіліне қарсы
бұраңыз, бойлердегі қысым түскеннен кейін,
сүзгіш ұстағышын (12) шешіп алуға болады.
КАПУЧИНО ӘЗІРЛЕУ
Назар аударыңыз! Шығып жатқан буға күйіп
қалудан сақ болыңыз.
•
Бу реттегішінің тұтқасы (7) «OFF--- +», «бу
жіберу OFF сөндірулі» күйінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•
«ЭСПРЕССО ӘЗІРЛЕУ» тарауында
сипатталғандай, сүт немесе кілегей көбігін
қосуға жеткілікті көлемі бар тостағанда кофе
қайнатыңыз.
•
Бу шығару батырмасын (4) басыңыз,
батырманың (4) көмескі жарығы тұрақты
жанғанға дейін күтіңіз. Капучинатор-түтікшесі
ұштамасының (8) астына су жинауға арналған
кез-келген қолайлы сыйымдылықты қойыңыз.
Түтікшеде (8) қалған конденсатты жою үшін бу
шығару тұтқасын (7) «OFF--- +» абайлап сағат
тіліне қарсы айналым ширегіне бұраңыз.
•
Конденсатты жойғаннан кейін бу беруді жабыңыз,
ол үшін қолсапты (7) «OFF--- +» тұтқасын сағат
тілі бойынша «OFF» тіредгенге дейін бұраңыз.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, ол қалыпты құбылыс.
•
Капучинатор-түтікшесі ұштамасын (8) суық сүт
немесе кілегей құйылған стаканға салыңыз, бу
шығару реттегішінің тұтқасын (4) «OFF--- +»
абайлап сағат тіліне қарсы ширек немесе одан
көп айналымға бұраңыз. Ұштама (8) стакан
түбіне тимеуі керек, өйткені, олай болмаса
будың шығуы қиындай түседі, қалың көбік алу
үшін бірнеше секунд жеткілікті.
Ескертпе: – сүттің шайқалып төгілуіне жол
бермеу үшін әрқашан капучинатор-түтіктің
ұштықын (8) сүттің бетінен 1 см асатын
тереңдікке салыңыз.
•
Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт
көбігінің пайда болуына септігін тигізеді, сүті