EasyManua.ls Logo

Vitek VT-8468 - Page 18

Vitek VT-8468
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
18
ҚАЗАҚША
бар сыйымдылықты капучинатор-түтікше
ұштамасына (8) қатысты сүт көбігі пайда
болғанға дейін уақытылы көтеріп және түсіріп
тұрыңыз.
Тұтқаны (7) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
тірелгенге «OFF» дейін бұрап, бу шығаруды
жабыңыз.
Бу шығару батырмасын (4) қайта басып, бу
шығаруды өшіріңіз.
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын (2)
басу арқылы өшіріңіз, батырмалардың (2, 3, 4)
көмескі жарығы өшеді.
Ескертпе: сүт көбігін алу үдерісі бұл өнер.
Бірінші реттен көбік шықпауы да мүмкін, қам
жемеңіз және жақсы нәтижеге қол жеткізгенге
дейін тәжірибе жасаңыз.
МАҢЫЗДЫ:
Көбікті әзірлеуге арналған сүт балғын және
консервантсыз болуы маңызды, яғни, ұзақ
сақталатын сүт болмауы керек. Майлылығы
4-тен 6%-ға дейінгі дәстүрлі майы айырылмаған
сүтті пайдалану ұсынылады, кілегейдің
майлылығы 10%-дан аз болмауы керек.
Сүтті немесе кілегейді шайқағаннан кейін
бірден капучинатор-түтікше ұштамасын (8)
тазалаңыз ол үшін капучинатор-түтікше
ұштамасын (8) су құйылған стаканға түсіріңіз,
батырманы (4) басып, бу шығаруды қосыңыз
және будың аз мөлшерін шығару үшін бу шуғару
қолсапты (7) «OFF--- +» сағат тіліне қарсы
бұраңыз, содан кейін сағат тілі бойынша «OFF»
тіреуіне дейін қолсапты (7) «OFF--- +»
бұрап, бу шығаруды жабыңыз, бу шығару
батырмасын (4) басу арқылы бу шығаруды
өшіріңіз, кофеқайнатқышты өшіріңіз.
Кофеқайнатқыштың суығанын күтіңіз және
капучинатор-түтікшенің (8) ұштамасын
шешіңіз, капучинатор-түтікшенің (8)
сыртын ылғал матамен сүртіңіз, ұштаманы
ағын судың астында жуыңыз.
Ескертпе:
Кофені қайталап әзірлеу интервалы
5 минуттан кем болмауға тиіс.
СУСЫНДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Сіз ұштамасы жоқ капучинатор-түтікті (8) сусыны
бар тостағанға салып, сусындарыңызды қыздыра
аласыз.
Бу шығару батырмасын (4) басыңыз,
батырманың (4) көмескі жарығы тұрақты
жанғанға дейін күтіңіз.
Ұштамасы жоқ капучинатор-түтікті (8)
қыздырғыңыз келетін сусыны бар тостағанға
салыңыз, сағат тіліне қарсы бу беру
реттегішінің тұтқасын (7) «OFF--- ақырын
бұраңыз.
Тұтқаны (7) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
тірелгенге «OFF» дейін бұрап, бу шығаруды
жабыңыз.
Бу шығару батырмасын (4) қайта басып, бу
шығаруды өшіріңіз.
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын (2)
басу арқылы өшіріңіз, батырмалардың (2, 3, 4)
көмескі жарығы өшеді.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, ол қалыпты құбылыс.
ДӘМДІ ЭСПРЕССОНЫ ҚАЛАЙ
ДАЙЫНДАУ КЕРЕК
«Эспрессо» кофеқайнатқышына арналған,
жаңа ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
Сүзгіштені (10) немесе (11) үгітілген кофені
сәл тығыздаңыз, оны өлшейтін қасықтың (13)
артқы жағымен жасауға болады.
Алынатын кофенің ащылығы кофе дәндерінің
сапасына және ұсақталу дәрежесіне
байланысты болады. Егер кофе тым ұзақ
құйылса, бұл кофе тым ұсақ ұнтақталған екенін
немесе тым қатты тығыздалғанын білдіреді.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Кофеқайнатқыштың жұмысы тиімді болу үшін
2-3 ай сайын, ал егер су «кермек» пайдаланылатын
болса, одан да жиі, қағын кетіріп тұру ұсынылады.
1. Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін
«OFF--- +» тұтқасын (7) сағат тілі бойынша
«OFF» тірелгенге дейін бұраңыз.
2. Лимон қышқылының ерітіндісін әзірлеңіз:
2 екі шай қасық лимон қышқылын 1 литр
суға қосыңыз және жасалған ерітіндіні суға
арналған ыдысқа (9) құйыңыз. Ыдысты (9)
орнына орнатыңыз.
3. Кофеге арналған сүзгішті (10) немесе (11)
ұстағышқа (12) салыңыз.
4. Сүзгіш ұстағышын кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқылары (12)
бойлердің «INSERT» саңылауына сәйкес
келуі керек, содан кейін сүзгіш ұстағышының
қолсабын (5) тірелгенге «LOCK» дейін оңға
қарай бұраңыз.
5. Тиісті тостағанды табандық торына (6)
қойыңыз.
6. Желілік баудың айырын розеткаға салыңыз.