Ka-21
Әзірлеу және қайта қыздыру туралы нұсқаулар
Тамақтардың көпшілігі пеште ЖОҒАРЫ қуатпен өте жылдам қыздырылады. Тамақтарды бар
болғаны бірнеше минутта ұсынуға әзір қылып жылытуға болады және тамақ дәмі қалған тамақ
емес, жаңа әзірленгенас сияқты болады.
Әрқашан тамақтың ыстық екенін тексеріңіз және қажет болса, пешке қайта салыңыз.
Әдетте, әрқашан сорпалар сияқты су қосылған тамақтарды, кәстрөлдерді және дайын тамақтарды
әрқашан жабыңыз.
Нан роллдары, туралған еттен жасалған бәліштерді, сосиска роллдарын, т.б. сияқты құрғақ
тамақтарды жаппаңыз.
Кез келген тамақты әзірлеген немесе қыздырған кезде мүмкін болған сайын араластыру немесе
аудару керек екенін есте сақтаңыз. Бұл сыртында және ортасында біркелкі әзірлеуді немесе
қыздыруды қамтамасыз етеді.
ТУРАЛҒАН ЕТТЕН ЖАСАЛҒАН БӘЛІШТЕР — САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Тіпті кондитерлік өнім тигенде салқын болса да, салынды
ыстық болатынын және кондитерлік өнімді жылытатынын ЕСТЕ
САҚТАҢЫЗ. Артық қыздырмауға тырысыңыз, әйтпесе салынды
құрамында май және қант көп болғандықтан күйіп қалу орын алуы
мүмкін. Ауызды күйдіріп алмау үшін жемей тұрып салындының
температурасын тексеріңіз.
РОЖДЕСТВО ПУДИНГТЕРІ ЖӘНЕ СҰЙЫҚТЫҚТАР — САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Жаңа жылдық пудингтерді және майлы немесе қанты көп басқа
тамақтарды, мысалы, тосапты, туралған салындысы бар бәліштерді
ұзақ қыздырмау керек. Бұл тамақтарды ешқашан қараусыз
қалдырмау керек, өйткені уақытынан артық әзірленсе, бұл тамақтар
тұтануы мүмкін. Осы нәрселерді қыздырғанда өте сақ болыңыз.
Қараусыз қалдырмаңыз.
Артық алкоголь қоспаңыз.
НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ БӨТЕЛКЕЛЕРІ — САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Сүтті немесе формуланы қыздыру алдында және соңында қайтадан
мұқият шайқау КЕРЕК және нәрестені тамақтандыру алдында
мұқият тексеру керек.
Тоңазытқыш температурасындағы 7-8 унция сүт үшін жоғарғы бөлігін
және емізікті алыңыз. ЖОҒАРЫ қуатта 30-50 сек. бойы қыздырыңыз.
МҰҚИЯТ ТЕКСЕРІҢІЗ.
Тоңазытқыш температурасындағы 3 унция сүт үшін жоғарғы бөлігін
және емізікті алыңыз. ЖОҒАРЫ қуатта 15-20 сек. бойы қыздырыңыз.
МҰҚИЯТ ТЕКСЕРІҢІЗ
Ескертпе: бөтелкенің жоғарғы бөлігіндегі сұйықтық төменгі
бөлігіндегіден әлдеқайда ыстық болады.
Пайдалану алдында бөтелкені мұқият шайқау және тексеру керек.
НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ БӨТЕЛКЕЛЕРІН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ҮШІН
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ ҰСЫНЫЛМАЙДЫ.
Арнайы қысқа толқынды зарарсыздандырғыш бар болса, аса
сақ болуға шақырамыз, өйткені су мөлшері төмен болады.
Өндірушілердің нұсқауларын міндетті түрде орындау маңызды.
ДАЙЫН ТАМАҚТАР
Әркімнің тәбеті әр түрлі және қыздыру
уақыты тамақ құрамына байланысты.
Езілген картоп сияқты тығыз
нәрселерды жақсылап жаю керек.
Егер көп тұздық қосылса, қосымша
уақыт қажет болуы мүмкін.
Тығызырақ нәрселерді тәрелке
сыртында орналастырыңыз.
4-7 минут арасындағы ЖОҒАРЫ
қуат орташа порцияны қыздырады.
Тамақтарды бір бірінің үстіне қоймаңыз.
КОНСЕРВІЛЕНГЕН ТАМАҚТАР
Қыздыру алдында тамақтарды консерві
банкасынан шығарыңыз және қолайлы
тәрелкеге салыңыз.
СОРПАЛАР
Табақты пайдаланыңыз және қыздыру
алдында және қыздыру уақытының
барысында кемінде бір рет және
қайтадан соңында араластырыңыз.
КӘСТРӨЛДЕР
Қыздырудың жарты уақытында және
соңында араластырыңыз.
Қазақша