1368
Қазақша
4 Көйлекті тақтаға басып, үтікті жылдам қозғалыстармен төмен қарай
сырғытып, үздіксіз бумен үтіктеңіз. Бүктелген сызықтар болмау үшін
көйлектің бүйірлерін сәл созыңыз.
5 Көйлектің бүйірлері тақтадан шығып кетпеу үшін көйлектің орнын
ауыстырыңыз (солға немесе оңға жылжытыңыз).
6 Көйлектің үстіңгі жағы үтіктелгеннен кейін, ілгішті ілмектен алыңыз да,
тақтаның артқы жағына аударыңыз.
7 Көйлекті тақтаның үстіне жайып, көйлектің төменгі бөлігі тақтаның
бетінде болатындай етіп жоғары қарай жылжытыңыз.
8 Көйлектің бүйірлерін тақта бетінде болу үшін көйлектің орнын
ауыстырыңыз (оны солға немесе оңға жылжытыңыз).