1373
Қазақша
4 Құрылғыны тазалап, үтік басындағы қақты дымқыл шүберекпен және
қырмайтын сұйық тазалау құралымен сүртіп алыңыз.
5 Қақтың тұрып қалмай, бу жақсы шығуы үшін пайдаланғаннан кейін су
ыдысын әрқашан босатыңыз.
6 Бу шлангісі мен қуат сымын сақтау ілмегіне ораңыз.
Зерделі Calc-clean жүйесі
Аспапта мезгіл-мезгіл қақты кетіріп, үтікті тазалайтын Smart Calc-Clean
жүйесі орнатылған. Ол будың қарқынды берілуіне көмектеседі және уақыт
өте келе үтіктің табанынан кір мен дақтардың шығуына жол бермейді.
Тазалау процесінің орындалуын қамтамасыз ету үшін аспап жүйелі түрде
ескерту беріп тұрады.
Calc-Clean процесін Calc-Clean ыдысының көмегімен
орындау
Ескерту! Calc-Clean процесі кезінде құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Ескерту: Calc-Clean процесін әрқашан Calc-Clean ыдысының көмегімен
орындаңыз. Calc-Clean тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті
үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
Ескертпе: Calc-Clean процесі кезінде құрылғы қуат көзіне қосылып тұрғанын
және ҚОСУ күйінде екенін тексеріңіз.