EasyManua.ls Logo

Philips HR2170 - Ұсатқышты қолдануға дайындық; Ұсатқышты қолдану; Ұсақтағыш (тек HR2168 үшін)

Philips HR2170
176 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...

1 Ингредиенттерді ұсатқыш ыдысына салыңыз (Cурет 10).
Ескертпе: Ұсынылған мөлшер мен өңдеу уақытын білу үшін осы пайдаланушы нұсқаулығының
соңындағы диірмен кестесін қараңыз.
2 Ұсатқыш пышақты ұсатқыш ыдысқа сағат бағытымен бұрап орнатыңыз (Cурет 11).
3 Жиналған ұсатқышты төңкеріп, элктроқозғалтқыш блогіне сағат бағыты бойынша бұрап
орнатыңыз (Cурет 12).

1 Құралды қосыңыз.
Біз сізге пульс бағдарламасын немесе 5 жылдамдық бағдарламасын қолданыңыз деп кеңес
береміз.
Ұсатқышты 30 секундтан артық тоқтаусыз жұмыс жасатуға болмайды.
2 Егер сіз өңдеп болсаңыз, бақылау тұтқасын 0 күйіне қойып, құрылғыны ток көзінен
суырыңыз.
3 Диірменді электр қозғағыш блогынан ажырату үшін оны сағат тіліне қарсы бұраңыз.

Ұсақтағышты пияз, ет, шөп, көкөніс, жеміс, шоколад, қатты сыр, сәби тамағы және жаңғақтарды
ұсақтауға пайдалануға болады.
HR2170/HR2161/HR2160: ет турағышты (үлгі нөмірі: HR2965) Philips дилерінен тапсырыспен
алуға болады.
Ұсақтағышты сұйық заттарды араластыруға пайдаланбаңыз. Ол үшін блендерді
пайдаланыңыз.
1 Ұсақтағыштың байланыс бөлігін ұсақтағыш ыдыстың астына салыңыз (1). Байланыс
бөлігін бекіту үшін сағат тіліне қарсы бұраңыз (2) (Cурет 13).
2 Ұсақтағыш ыдысты электр қозғалтқыш блогына (1) қойып, сағат тілімен бұрап бекітіңіз
(2). (Cурет 14)
3 Ұсақтағыштың пышақтарын ұсақтағыш ыдысына орнатыңыз (Cурет 15).
4 Ұсақтағыш ыдысына ингредиенттерді салыңыз (Cурет 16).
Ескертпе: Ұсынылған мөлшер мен өңдеу уақытын білу үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығының
соңындағы ұсақтағыш кестесін қараңыз.
Кестеде көрсетілген мөлшерден асыруға болмайды.
Кеңес: Тағамның үлкен кесектерін алдын ала 1-2 см бөліктерге кесіп қойыңыз.
5 Ұсақтағыш ыдысты қақпақпен жауып (1), сағат тілімен бұрап бекітіңіз (2) (Cурет 17).
Ескертпе: Құрылғыны іске қосудан бұрын қақпақтың дұрыстап жабылғандығын тексеріңіз.
6 Құралды қосыңыз.
Ескертпе: Егер тағам біркелкі салынбағандықтан, құрылғы шайқалатын болса, қақпаққа
қолыңызды қойыңыз.
Ескертпе: Ұсақтағыш жұмысын бірнеше секундтан кейін аяқтайды. Оны ешқашан бірнеше
секундтан артық қоспаңыз.
 73

Table of Contents

Other manuals for Philips HR2170

Related product manuals