EasyManua.ls Logo

Sony DualSense Edge - Page 84

Sony DualSense Edge
96 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
84
Басқару құралын теңшеу
L2/R2 түймелерінің жүрісін өзгерту
L2/R2 түймелерінің (триггер ұзындығы/тоқтату)
басылуы мүмкін болған жүрісін реттеуге болады.
Мұны реттеу үшін, басқару құралының артындағы
L2/R2 тоқтату сырғытпаларын жылжытыңыз.
Тоқтату сырғытпалары қысқа немесе орташа
мәнге орнатылғанда, триггерлік әсерлер
қолжетімді болмайды.
ұзақ жүріс
орташа жүріс
қысқа жүріс
Профильді орнату
Профиль ретінде джойстиктің сезімталдығын, діріл күшін,
түйме тағайындамаларын және басқа басқару құралы
параметрлерін сақтауға болады.
Ойын барысында таңдаулы профильдер арасында
жылдам ауысу үшін оларға таңбашалар тағайындаңыз.
Профильдерді ауыстыру үшін, Fn түймесін
пайдаланыңыз.
Тағайындалған профильдер басқару құралына
сақталады. Басқару құралын өзіңізбен алып жүріңіз және
профиліңізбен кез келген PS5 консолінде ойнаңыз.
Профильді орнату үшін, PS5 бастапқы экранына өтіп
Settings (Параметрлер) Accessories (Керек-жарақтар)
> DualSense Edge wireless controller (DualSense Edge
сымсыз басқару құралы) тармағын таңдаңыз.
Профильді орнату туралы қосымша мәлімет алу үшін,
PS5 пайдаланушы нұсқаулығына өтіңіз ( 91-бет).

Table of Contents

Related product manuals