70
• Келесі жерлерде сымсыз желі мүмкіндігін
пайдаланбаңыз:
– Ауруханалар сияқты сымсыз желіні пайдалануға
тыйым салынған аумақтар. Консольді медициналық
мекемеде пайдаланғанда, сол мекеменің
ережелерін сақтаңыз.
– Өрт дабылдары, автоматты есіктер және
автоматтандырылған жабдықтың басқа түрлерінің
жанындағы аумақтар.
МАГНИТТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Бұл өнімдерде кардиостимуляторларға,
дефибрилляторларға және бағдарламаланатын шунттау
клапандарына немесе басқа медициналық құрылғыларға
кедергі келтіруі мүмкін магниттер бар. Бұл өнімдерді
осындай медициналық құрылғыларға немесе осындай
медициналық құрылғыларды пайдаланатын адамдарға
жақын қоймаңыз. Осындай медициналық құрылғыларды
пайдалансаңыз, осы өнімдерді пайдалану алдында
дәрігермен кеңесіңіз.
ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ
Гарнитураны немесе құлаққапты жоғары дыбыс
деңгейімен пайдаланса, есту қабілеті мүлдем жоғалуы
мүмкін. Дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз.
Уақыт өте қатты дыбыс қалыпты болып естіле бастауы
мүмкін, бірақ негізінде бұл кезде есту қабілетіңізді
зақымдап жатады. Егер құлағыңыз шыңылдаса,
жайсыздық сезсеңіз немесе сөздер түсініксіз естілсе,
тыңдауды тоқтатыңыз және құлағыңызды тексертіңіз.
Дыбыс деңгейі қатты болған сайын, есту қабілетіңізге
Денсаулықты қорғау және
қауіпсіздік
Өнімді пайдалану алдында осы нұсқаулықты және
үйлесімді жабдыққа арналған барлық нұсқаулықтарды
мұқият оқып шығыңыз. Нұсқауларды болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Балалардың ата-
аналары немесе қамқоршылары қауіпсіз пайдалану үшін
осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
Бұл өнім қауіпсіздікке барынша мән бере отырып
жасалған. Дегенмен кез келген электр құрылғысы дұрыс
пайдаланылмаса, өрт шығуына, электр тогының соғуына
немесе жарақат алуға себеп болуы ықтимал. Барлық
ескертулерді, сақтық шараларын және нұсқауларды
орындаңыз.
Егер өнім қалыптан тыс жұмыс істесе, әдеттен тыс
дыбыстар немесе иістер шығарса, не болмаса ұстағанда
тым ыстық болса, пайдалануды тоқтатып, кабельдерді
дереу ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
РАДИОТОЛҚЫНДАР
Радиотолқындар электрондық жабдыққа немесе
медициналық құрылғыларға (мысалы,
кардиостимуляторларға) әсер етіп, бұл ақаулықтарға
және ықтимал жарақаттарға әкелуі мүмкін.
• Кардиостимуляторды немесе басқа медициналық
құрылғыны пайдалансаңыз, сымсыз желі мүмкіндігін
(Bluetooth
®
және сымсыз жергілікті желі) пайдалану
алдында дәрігерден немесе медициналық құрылғы
өндірушісінен кеңес алыңыз.
KZ