EasyManua.ls Logo

Sony DualSense Edge - Пайдалану Және Ұстау

Sony DualSense Edge
96 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
86
Пайдалану және ұстау
Күтім және тазалау
Өнім сыртын түссізденуден немесе нашарлаудан қорғау
үшін төмендегі сақтық шараларын орындаңыз.
Инсектицид сияқты ұшпа заттарды жақпаңыз.
Резеңке немесе винил материалдарының өнімге
ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз.
Еріткіш, бензин немесе алкоголь қолданбаңыз.
Майлықтарды, химиялық маталарды және құрамында
осындай заттар бар басқа өнімдерді пайдаланбаңыз.
Пайдалану мерзімі аяқталған өнімді
кәдеге жарату
Өнімдер қайта өңдеуге болатын көптеген
материалдардан жасалған. Әр басқару құралында
литий-ионды батарея бар.
Осы нұсқаулықта рұқсат етілмесе, өнімді
немесе керек-жарақтарды ешқашан
бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз
Өнім мен аксессуарларды осы нұсқаулықта берілген
нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Өнімді талдауға
немесе өзгертуге, не болмаса оның тізбек
конфигурацияларын талдауға және пайдалануға
рұқсат берілмейді. Өнімді рұқсатсыз өзгерткен жағдайда
өндіруші кепілдігінің күші жойылады.
Контроллерді күтіп ұстау
Температура ауқымы 10°C және 30°C аралығында
болатын ортада зарядтаңыз. Басқа орталарда
зарядтағанда тиімді нәтиже болмауы мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімі шектеулі. Батарея
қызметінің ұзақтығы жиі қолдану және уақыт өту
нәтижесінде қысқарады. Батареяның қызмет мерзімі
сақтау әдісіне, пайдалану күйіне, ортаға және басқа
факторларға байланысты әртүрлі болады.
Контроллер ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяның
функциялық мүмкіндігін сақтау үшін кемінде жылына
бір рет батареяны толық зарядтаған жөн.
Өнім және оның бөліктері металл мен пластикалық
материалдардан жасалған. Өнімді кәдеге жарату
кезінде, осындай материалдарды тиісінше кәдеге
жаратудың жергілікті ережелерін ұстаныңыз.

Table of Contents

Related product manuals