71
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік
соғұрлым жылдам әсер етеді. Есту қабілетіңізді
қорғау үшін:
– Гарнитура немесе құлаққапты жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалануды шектеңіз.
– Шулы ортаның дыбысынан құтылу үшін дыбыс
деңгейін арттырмаңыз.
– Жаныңызда сөйлеп жатқан адамдарды ести
алмасаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
ЛИТИЙ-ИОНДЫ БАТАРЕЯ
Басқару құралында литий-ионды қайта зарядталатын
батарея бар. Бүлінген немесе ағып кеткен литий-ионды
батареяларды ұстамаңыз. Бірге орнатылған батарея
сұйықтығы ағып кетсе, өнімді пайдалануды дереу
тоқтатыңыз және ілеспе құжаттамадан табуға болатын
PlayStation бойынша тұтынушыларға қызмет көрсететін
тиісті анықтама желісіне хабарласыңыз. Егер материал
көзге түссе, уқаламаңыз. Дереу көзді таза сумен жуып,
медициналық көмекке жүгініңіз. Егер материал теріңізге
немесе киіміңізге тисе, ол жерді дереу таза сумен шайып,
дәрігермен кеңесіңіз. Батареяның отқа тиюіне жол
бермеңіз немесе оны күн сәулесі тікелей түсетін жер,
күн сәулесі түсетін көлік немесе жылу көзінің жаны сияқты
шамадан тыс температура әсеріне ұшыратпаңыз.
Басқару құралын немесе батареяны ашуға, сындыруға,
қыздыруға немесе отқа тастауға болмайды. Басқару
құралын пайдаланбаған кезде, батареяны ұзақ
уақыт зарядтамаңыз.
ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
ТҰНШЫҒУ ҚАУІПІ БАР – шағын бөліктер бар. Өнімді
кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Жас балалар кішкентай бөлшектерді жұтып қоюы,
кабельдерге оралып қалуы мүмкін, бұл жарақат алу,
апатқа ұшырау немесе бұзылу қаупін тудыруы мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕСЕ,
ӨНІМДІ НЕМЕСЕ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ
ЕШҚАШАН БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ НЕМЕСЕ
ӨЗГЕРТПЕҢІЗ
Өрт шығу, электр тогы соғу немесе жарақаттану
қаупі бар.
Сақтық шаралары
Үзілістер алу
• Осы өнімді үздіксіз ұзақ пайдаланбаңыз. Негізінде,
әр бір сағат ойнағаннан кейін 15 минут үзіліс жасау
ұсынылады.
• Шаршап тұрғанда немесе ұйқыңыз келіп тұрғанда
ойнамаңыз.
• Басқару құралын пайдалану кезінде шаршауды сезіне
бастасаңыз, я болмаса қолдарыңызда ыңғайсыздық
немесе ауру сезінсеңіз, өнімді пайдалануды бірден
тоқтатыңыз. Денсаулығыңыз қалпына келмесе,
дәрігерге қаралыңыз.
• Денсаулықпен байланысты кез келген мәселелер
туындаса, өнімді пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Симптомдары жойылмаса, дәрігерге хабарласыңыз.
– Басы айналу, лоқсу, қалжырау немесе қозғалыстан
лоқсуға ұқсас симптомдар.
KZ