EasyManua.ls Logo

Sony DualSense Edge - Page 72

Sony DualSense Edge
96 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
72
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік
Көздер, құлақтар, қолдар сияқты дене бөлігіндегі
ыңғайсыздық немесе ауыру.
Діріл функциясы
Басқару құралы тегіс бетте орналасқан болса, ойнау
барысында басқару құралының дірілдеуінен ол құлап,
адамды жарақаттауы немесе істен шығуы мүмкін.
Сүйек, буын зақымдалған немесе қолдың бұлшық ет
ауруы бар болса, діріл немесе триггерлік әсер
функциясын пайдаланбаңыз. Егер сізде ауырып
жүрсеңіз немесе жарақатыңыз бар болса, сол
функцияларды «Өшіру» күйіне орнатпасаңыз, басқару
құралын пайдаланып осы мүмкіндіктері бар ойындарды
ойнамаңыз. Мүмкіндіктерді қосу немесе өшіру үшін,
PlayStation®5 консолінің бастапқы экранынан Settings
(Параметрлер > Accessories (Керек-жарақтар)
тармағын таңдаңыз.
Статикалық электр тогының соғуы
Гарнитураны немесе құлаққапты өте құрғақ ауа
жағдайларында қолданғанда, кейде құлағыңызды әлсіз
әрі жылдам (статикалық) ток соғуы мүмкін. Бұл –
статикалық электр тогының денеде жинақталуының
нәтижесі және гарнитураның немесе құлаққаптың ақауы
емес. Бұл әсерді статикалық разрядты оңай тудырмайтын
материалдардан жасалған киім кию арқылы
азайтуға болады.
Қозғалыс датчигі
Сымсыз басқару құралының қозғалыс датчигі
функциясын пайдаланып жатқанда, келесі нәрселерден
сақтаныңыз. Басқару құралы адамға немесе затқа
соқтықса, бұл кездейсоқ жарақатқа немесе зақымға
әкелуі мүмкін.
Қозғалыс датчигі функциясын пайдалану алдында,
айналада қозғалу үшін жеткілікті кеңістік бар екендігіне
көз жеткізіңіз.
Басқару құралының қолдан сырғып кетіп, затты немесе
адамды зақымдамауы немесе жарақаттамауы үшін, оны
қатты ұстаңыз.
PS5 консоліне USB кабелімен жалғанған басқару
құралын пайдалансаңыз, кабель адамға немесе
нысандарға тиіп кетпеуі үшін кабельге жеткілікті орын
бар екенін тексеріңіз.
Жарық жолағы
Басқару құралындағы жарық жолағы жыпылықтаған кезде
оған қарамаңыз. Кез келген ыңғайсыздық немесе
ауырсынуды сезінсеңіз, басқару құралын пайдалануды
дереу тоқтатыңыз.
Сұйықтық, шаң, түтін, бу және жылу
Өнім мен оның қосқыштарында сұйықтық, артық шаң
және ұсақ бөлшектер болмауын үнемі қадағалап
жүріңіз.
Өнімді пайдалану, сақтау немесе тасымалдау кезінде
төмендегідей жерлерде қалдырмаңыз.
Түтін немесе бу таралған аймақтар
Ылғалдылығы жоғары, шаң немесе темекі түтіні бар
аймақтар
Жылыту құрылғыларының жанындағы аймақтар,
тікелей күн сәулесі түсетін аймақтар немесе жылу
сақтайтын аймақтар

Table of Contents

Related product manuals