EasyManua.ls Logo

Stihl RM 248.3 - Page 285

Stihl RM 248.3
512 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4 Киім және жабдық
Сақтандыру
Жұмыс барысында әртүрлі заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіңіз.
Жұмыс барысында шуыл туындайды. Шуыл
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
Қорғау құлаққаптарын тағыңыз.
Жұмыс барысында шаң көтерілуі мүмкін.
Жұтылған шаң денсаулыққа зиян келтіруі
және аллергиялық реакциялар тудыруы
мүмкін.
Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын маска киіңіз.
Жұмысқа сай емес киім ағашқа, бұталарға
және көгалшапқышқа ілініп қалуы мүмкін.
Киімі жұмысқа сай емес пайдаланушылар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
Денеге жанасатын киім киіңіз.
Шәлі мен әшекейлерді шешіп қойыңыз.
Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау кезінде пайдаланушыға
құрылғының пышағы тиіп кетуі мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
Табаны сырғанамайтын, берік, жабық аяқ
киім киіңіз.
Жұмысқа жарамсыз аяқ киім киген болса,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Пышақты қайраған кезде материал
бөлшектері ұшып шығуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірік
тағыңыз. Жұмысқа сай келетін қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандартына немесе
ұлттық нормаларға сәйкес тексерілген
және тиісті таңбаламасымен еркін
саудада қолжетімді.
Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
4.5 Жұмыс аймағы және
қоршаған орта
Сақтандыру
Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған заттардың
туындайтын қауіп-қатерді анықтай және
бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз тұлғалар,
балалар мен жануарлар ауыр жарақат алуы
және материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан алшақ
ұстаңыз.
Бөгде заттардан арақашықтықты
сақтаңыз.
Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
Балалардың көгалшапқышпен
ойнамауын қадағалаңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда, ыстық
пайдаланылған газдар дыбысты басқыштан
шығады. Ыстық пайдаланылған газдар тез
тұтанғыш материалдарды тұтандыруы және
өрт тудыруы мүмкін.
Пайдаланылған газ ағынын тез тұтанғыш
материалдардан алшақ ұстаңыз.
4.6 Қауіпсіз күй
4.6.1 Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
Көгалшапқыш зақымдалмаған.
Көгалшапқыштан бензин шықпайды.
Жанармай багының құлпы жабық.
Көгалшапқыштан мотор майы шықпайды.
Мотор майының құлпы жабық.
Көгалшапқыш таза.
Басқару элементтері жұмыс істеп тұр және
модификацияланбаған.
Шөп шабу және шабылған шөпті шөп
жинағышқа жинау қажет болса: Топырақ
бетін жабу жабындарының тобы алынған,
ұзартқыш ажыратылған және шөп жинағыш
дұрыс ілінген.
Шөп шабу қажет және шабылған шөпті
артынан түсіру қажет болса: шөп жинағыш
босатылған және лақтырманың қақпағы
жабық.
Егер шабу процесі орындалып жатса және
шабылған шөп бүйір жағынан жерге
бағытталуы керек болса: Шөп жинағыш
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0478-111-9800-B 285

Table of Contents

Related product manuals