EasyManua.ls Logo

Stihl RM 443 T - Page 310

Stihl RM 443 T
492 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
4.4 Киім және жабдық
Сақтандыру
Жұмыс барысында бөгде заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіп жүріңіз.
Жұмыс барысында шуыл туындайды. Шуыл
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
Құлақ қорғайтын жабдықты тағып жүріңіз.
Жұмыс барысында шаң пайда болуы
мүмкін. Жұтылған шаң денсаулыққа зиян
келтіруі және аллергиялық реакцияларды
тудыруы мүмкін.
Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын масканы киіңіз.
Жарамсыз киім ағашта, шағын қопада және
көгалшапқышта ұсталып қалуы мүмкін.
Жарамды киімі жоқ пайдаланушылар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Денеге жанасатын киім киіп жүріңіз.
Салы мен әшекейлерді шешіп алыңыз.
Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау барысында
пайдаланушы пышақпен жанасуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
Табаны сырғымайтын, берік, жабық аяқ
киім киіп жүріңіз.
Пайдаланушыға жарамсыз аяқ киім киген
жағдайда сырғанап қалуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Пышақты өткірлеген кезде, дайындама
бөлшектері лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірігін
киіп жүріңіз. Жарамды қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандарты немесе
ұлттық нұсқамаларға сәйкес тексерілген
және оның тиісті сауда таңбаламасы
бар.
Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
4.5 Жұмыс аймағы және
қоршаған орта
Сақтандыру
Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған бөгде
заттардың тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз
тұлғалар, балалар мен жануарларға ауыр
жарақат тиюі және материалдық залал
туындауы мүмкін.
Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан
алшақ ұстаңыз.
Бөгде заттардан арақашықтық сақтаңыз.
Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
Балалардың көгалшапқышпен
ойнамағанын қадағалаңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда, ыстық
пайдаланылған газдар дыбысты басқыштан
шығады. Ыстық пайдаланылған газдар тез
тұтанғыш материалдарды тұтандыруы және
өрт тудыруы мүмкін.
Пайдаланылған газ ағынын тез тұтанғыш
материалдардан алшақ ұстаңыз.
4.6 Қауіпсіз күй
4.6.1 Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
Көгалшапқыш зақымдалмаған.
Көгалшапқыштан бензин шықпайды.
Жанармай багының құлпы жабық.
Көгалшапқыштан мотор майы шықпайды.
Мотор майының құлпы жабық.
Көгалшапқыш таза.
Басқару элементтері қызмет етеді және
модификацияланбаған.
Шапқаннан кейін шөп жинағышта шабылған
шөп жиналса: шөп жинағыш тиісінше
бекітілген.
Шапқан кезде шабылған шөп артқа түсірілуі
қажет болса: шөп жинағыш босатылған
және лақтырманың қақпағы жабық.
Пышақ тиісінше орнатылған.
Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтары орнатылған.
Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
Серіппе астындағы механизмдер зақымсыз
және жұмысқа қабілетті.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберген кезде, қозғалтқыш сөнеді.
Сақтандыру
Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас
бөлшектер ары қарай тиісінше жұмыс істей
алмайды, сақтандырғыш құрылғылар істен
шығуы және жанармай шығуы мүмкін.
Адамдар ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс
істеңіз.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
310 0478-111-9951-B

Table of Contents

Related product manuals