EasyManua.ls Logo

Stihl RM 443 T - Көгалшапқышпен Жұмыс Істеу

Stihl RM 443 T
492 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
11 Көгалшапқышпен жұмыс
істеу
11.1 Көгалшапқышты ұстап тұру
және жүргізу
Бас тұтқаны екі қолмен бас бармақтарыңыз
бас тұтқаны орап тұратындай етіп ұстаңыз.
11.2 Кесік биіктігін реттеу
Кесікті 6 түрлі биіктікте реттеуге болады:
25 мм = 1-позиция
30 мм = 2-позиция
40 мм = 3-позиция
50 мм = 4-позиция
60 мм = 5-позиция
75 мм = 6-позиция
Позициялар көгалшапқышта көрсетілген.
Кесік биіктігін реттеу
Көгалшапқышты тұтқасынан (1) ұстаңыз.
Иінтіректі (2) басып тұрыңыз.
Көгалшапқышты көтеріп-қою арқылы
қажетті позицияға қойыңыз.
Кесік биіктігінің индикаторындағы (3)
белгіден (4) берілген кесік биіктігін көруге
болады.
Иінтіректі (2) жіберіңіз.
Көгалшапқыш бекітіледі.
11.3 Қозғалғыш механизм жетегін
қосу және өшіру
11.3.1 Қозғалғыш механизм жетегін қосу
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Қозғалтқышты оталдырыңыз.
Қозғалғыш механизм жетегінің қосқыш
иінтірегін (1) бас тұтқаға (2) қарай толықтай
тартып, бас бармағыңыз бас тұтқаны орап
тұратындай етіп ұстаңыз.
Көгалшапқыш қозғала бастайды.
11.3.2 Қозғалғыш механизм жетегін өшіру
Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырын жіберіңіз.
Көгалшапқыш тоқтағанша күтіңіз.
11.4 Шабу
Қозғалғыш механизм жетегін қосып жұмыс
істеген жағдайда: көгалшапқышты назарда
ұстап, ілгері жүргізіңіз.
Қозғалғыш механизм жетегін өшіріп жұмыс
істеген жағдайда: Көгалшапқышты баяу
және бақылай отырып алға қарай
жылжытыңыз.
11 Көгалшапқышпен жұмыс істеу қазақ
0478-111-9951-B 319

Table of Contents

Related product manuals