EasyManuals Logo

Stihl RM 443 T User Manual

Stihl RM 443 T
Go to English
492 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #316 background imageLoading...
Page #316 background image
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (12) бас
тұтқаға (6) басып ұстап тұрыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (14) қарай баяу
тартыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (14) іліңіз.
Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (12)
жіберіңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны (6) қайтадан шешіп қою қажет
емес.
6.2 Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1 Шөп жинағышты монтаждау
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың төменгі жағына (2) кигізіңіз.
Саңылаулар (3 және 4) сәйкес келуі тиіс.
Болттарды (5) ішкі жағынан саңылаулар (3
және 4) арқылы кіргізіңіз.
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) төмен
қарай басыңыз.
Шөп жинағыштың жоғарғы жағы (1) сырт
еткен дыбыспен бекітіледі.
6.2.2 Шөп жинағышты ілу
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты (2) тұтқасынан (3) ұстап,
шығыңқы тұмсығын (4) лақтырма науасына
(5), ал ілмектерін (6) бекіткіштерге (7) іліңіз.
Лақтырма қақпағын (1) шөп жинағышқа (2)
түсіріңіз.
6.2.3 Шөп жинағышты ажырату
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты тұтқасынан ұстап жоғары
қарай шығарыңыз.
Лақтырманың қақпағын жабыңыз.
6.3 Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Мотор майының спецификациясы және
толтыру көлемі қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.
Нұсқау
Бастапқы күйде мотор майы құйылмайды.
Қозғалтқышты мотор майынсыз немесе тым
аз мотор майымен іске қосу нәтижесінде
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
Әр іске қосу әрекетінің алдында мотор
майын тексеріңіз және қажет болса,
мотор майын тағы құйыңыз.
Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
құйыңыз.
қазақ 6 Көгалшапқышты құрастыру
316 0478-111-9951-B

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Stihl RM 443 T and is the answer not in the manual?

Stihl RM 443 T Specifications

General IconGeneral
BrandStihl
ModelRM 443 T
CategoryLawn Mower
LanguageEnglish

Related product manuals