EasyManua.ls Logo

GLO PRO - Қауіпсіздік Нұсқаулары

GLO PRO
34 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
EN EN
BG BG
CZ CZ
IT IT
RO RO
HR HR
EL EL
PL PL
UA UA
RU RU
KAZ KAZ
52
53
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
1
Өнімді пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды оқып, болашақта
қолдану үшін Пайдаланушы нұсқаулығын қауіпсіз жерде сақтаңыз.
2
glo™ темекіні қыздыру құрылғысы және бастапқы жиынтыққа
кіретін барлық керек-жарақтар тек кәмелетке толған тұлғалардың
қолданысына арналған. glo™ темекіні қыздыру құрылғысын және оның
керек-жарақтарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
3
Бұл өнім физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жетпейтін адамдарға арналмаған, бірақ, олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам аталмыш адамдардың өнімді пайдалануына
бақылау жасаса немесе нұсқау беріп отырса, өнімді қолдануға рұқсат
етіледі.
4
Балалардың glo™ темекіні қыздыру құрылғысымен және бастапқы
жиынтыққа кіретін барлық құралдармен ойнауына немесе оны
тазалауына және күтім көрсетуіне тыйым салынады.
5
glo™
темекіні қыздыру құрылғысында және оның
қаптамасында көрсетілген бұл белгі өнімді әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайтынын
көрсетеді.
6
Өнімде ауыстыруға келмейтін қайта қуатталатын литий-ионды
аккумулятор бар. Өнім қалдықтарын жою кезінде тиісті сақтық
шараларын қолдану қажет. Аккумуляторды немесе glo™ темекіні
қыздыру құрылғысының кез-келген құрамдас бөліктерін отқа
тастамаңыз. glo™ темекіні қыздыру құрылғысының аккумуляторын
ауыстыруға тырыспаңыз, себебі, glo™ темекіні қыздыру құрылғысын
зақымдауыңыз мүмкін, нәтижесінде құрылғы шамадан тыс қызып кетуі,
өрт шығуы, жарылыс болуы, жарақат келтіруі ықтимал.
7
glo™ темекіні қыздыру құрылғысын 1-2 сағат бойы қуаттау керек.
Егер ол 3 сағат ішінде толығымен қуатталмаса, оны қолдануды
тоқтатыңыз және тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына
хабарласыңыз: 5757. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану
нұсқаулығындағы «Аккумулятор күйі» бөлімін қараңыз.
8
Құрылғыда немесе USB-кабельде зақым белгілері пайда болса, оларды
пайдаланбаңыз.
a. Зақымдалған немесе ақаулы glo™ темекіні қыздыру құрылғысында
зақымдалған немесе ақаулы литий-ионды аккумулятор болуы мүмкін.
Зақымдалған немесе ақаулы glo™ темекіні қыздыру құрылғысын әуе
кемесіне алып кіруге болмайды.
b. Зақымдалған немесе ақаулы glo™ темекіні қыздыру құрылғысын
қолданыстағы талаптарға сай тасымалдау қажет, бірақ әуе
жолымен тасымалдауға болмайды, тасымалдау кезінде оның
тысқары қаптамасында «Зақымдалған немесе ақаулы литий-ионды
аккумуляторлар» деген жазу болуы тиіс.
9
Өнімді тек тұрақты токтың 5 В, 2A деңгейінде белгіленген, қауіпсіз
төмен вольттық кернеу желісіне қосуға болады. glo™ темекіні
қыздыру құрылғысымен қоса берілетін USB-адаптерін және
USB-кабельді ғана қолданыңыз. glo™ темекіні қыздыру құрылғысын
қуаттау үшін басқа кабельдерді және адаптерлерді пайдаланбаңыз.
10
Егер glo™ құрылғысымен қоса берілетін USB-адаптерін және
USB-кабельді жоғалтып алсаңыз немесе таба алмай қалсаңыз, жаңа
USB-адаптерін және USB-кабельді сатып алуға кеңес береміз.
11
Пайдаланып жатқан ауыспалы/тұрақты тоқ адаптерін Пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталғандай барлық қауіпсіздік шараларын сақтай
отырып қолданып жатқаныңызды қадағалаңыз.
12
glo™ темекіні қыздыру құрылғысын қуаттау кезінде қараусыз
қалдырмаңыз.
13
glo™ темекіні қыздыру құрылғысын және бастапқы жиынтыққа кіретін
барлық құралдарды жылу немесе жоғары температура әсеріне
шалдығатын күйде, мысалы, көлікті басқару тақтасында тікелей күн
сәулесі түсетін жерде қалдырмаңыз. glo™ темекіні қыздыру құрылғысы
ыстық болса, оны қолдануға болмайды.
14
Құрылғыны төсек-орын жабдығы, жанармай құятын станциялар сияқты
тез тұтанатын немесе отқа жақын жерлерде қуаттауға болмайды.
15
glo™ темекіні қыздыру құрылғысының барлық керек-жарақтарын
балалардан аулақ ұстаңыз, себебі, тұншығу қаупін тудыруы мүмкін.
16
glo™ темекіні қыздыру құрылғысын немесе USB-кабельді суға немесе
басқа сұйықтыққа түсірмеңіз, оларды жаншымаңыз, теспеңіз, өртемеңіз
немесе бұзбаңыз, glo™ темекіні қыздыру құрылғысына жарылысқа
қауіпті булардың әсер етуіне жол бермеңіз.
17
Арнайы NEO™ стиктерін қоспағанда, құрылғыға ешқандай бөтен заттар
немесе кәдімгі темекі түрлерін салмаңыз.
18
Құралды берілген арнайы қылшақты қолданып Пайдаланушы
нұсқаулығына сәйкес тазалаңыз.
19
glo™ темекіні қыздыру құрылғысын немесе USB-кабельді бөлшектемеңіз
немесе ашпаңыз. Кез-келген бұрыс, орынсыз немесе жауапсыз қолдану
пайдаланушыны кепілдіктен айырады және ауыр жарақаттарға алып
келуі мүмкін.
Жұмыс температуралары
ҚҚуаты таусылу: минус 20 °С бастап 45 °C дейін
Толық қуаттау: 10°C бастап 45°C дейін
Шектеулі қуаттау: 0°C бастап 10°C дейін (толық қуаттаудың 1/2)
Оңтайлы қолдану үшін құрылғыны үнемі 15 °С және 25 °С аралығындағы
температурада сақтаңыз. Төтенше температуралар құрылғы аккумуляторының
қуаттылығын және қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Суық ауа-райында
аккумулятор жұмысының ұзақтығын уақытша қысқартуы және құрылғының
өшіп қалуына алып келуі мүмкін. Құрылғы аккумуляторының жұмысы
жоғарырақ температура кезінде қалпына келеді. Құрылғыны 50 °С (122 °F)-тан
жоғары температурада қолданудан аулақ болыңыз, бұл құрылғының немесе
аккумулятордың бетін қайтару мүмкін емес зақымдалуына алып келуі мүмкін.
Өндіруші: Nicoventures Trading Limited, Глоб Хаус, Уотер Стрит 1, Лондон,
WC2R 3LA, Ұлыбритания.
Дистрибьютор: «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ»,
A26F8D4, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 240Г.
glo™ темекіні қыздыру құрылғысы туралы сұрақтарыңыз болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз: 5757.

Related product manuals