EasyManuals Logo

Hilti SF 8H-A22 Manual

Hilti SF 8H-A22
312 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #202 background imageLoading...
Page #202 background image
198 Қазақ 2041323
*2041323*
Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты
басқаруды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты
құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс
шлемін, құлаққап, қорғаныс қолғап пен жеңіл респиратор тағып
жүріңіз.
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз.
Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және күйіктерге апарып
соғуы мүмкін.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары
денені және көзді жарақаттауы мүмкін.
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда
болатын шаңның қауіп класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу
үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау нормаларына
сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар
бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын
жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан
пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және
қажетінше тиісті шаңға арналған респираторды тағыңыз. Мұндай
шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию пайдаланушыларда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың
және/немесе дем алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі
мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты өңдеу
кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе
ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром
қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында
асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап,
жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде, дірілдердің
салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар,
газ бен су құбырлары жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына
байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта орналасқан
металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Электр құрал блокталған кезде құралды бірден өшіріңіз. Аспап
бүйірімен ауытқуы мүмкін.

Table of Contents

Other manuals for Hilti SF 8H-A22

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SF 8H-A22 and is the answer not in the manual?

Hilti SF 8H-A22 Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelSF 8H-A22
CategoryDrill
LanguageEnglish

Related product manuals