EasyManuals Logo

Hilti SF 8H-A22 Manual

Hilti SF 8H-A22
312 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #201 background imageLoading...
Page #201 background image
*2041323*
2041323 Қазақ 197
дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит
тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан
алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар
жарылыс тудыруы мүмкін.
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және
аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешқашан пайдалану
бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура
ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
Қызмет
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр
құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2 Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Бұрғы үшін рұқсат етілген максималды айналу жиілігінен жоғары
айналу жиілігімен еш жағдайда жұмыс істемеңіз. Айналу жиілігі
жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай еркін
айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы
мүмкін.
Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы
дайындамамен жанасып тұрғанда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі
жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай еркін
айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы
мүмкін.
Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық
бағытпен бұрғылаңыз. Бұрғылар қисайып жарылуы мүмкін немесе
бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.

Table of Contents

Other manuals for Hilti SF 8H-A22

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SF 8H-A22 and is the answer not in the manual?

Hilti SF 8H-A22 Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelSF 8H-A22
CategoryDrill
LanguageEnglish

Related product manuals