*2041323*
2041323 Қазақ 199
▶ Электр құралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған
күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
2.4 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс
пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша
арнайы нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен
өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары
температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады.
▶ Соққы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа
жолмен зақымдалған аккумуляторларды пайдалануға немесе
зарядтауға болмайды. Мұндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік
қызметіңізге хабарласыңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы
болуы мүмкін. Аспапты тұтану қаупі жоқ орынға, тұтанғыш
материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және
cуытып қойыңыз. Мұндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік
қызметіңізге хабарласыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Жылдам тартылатын патрон
;
Айналу моменті мен
бұрғылау үшін реттеу
сақинасы
=
Бүйірлік тұтқыш
%
Негізгі сөндіргіш
&
Қосу құлпы бар
солға/оңға айналудың
ауыстырып-қосқышы
(
Қадам ауыстырып-қосқышы
)
Фирмалық тақтайша
+
Тұтқыш
§
Белдікке ілуге арналған ілгек
(таңдау бойынша)
/
Аккумулятор зарядтау
деңгейінің индикаторы
:
Аккумулятор зарядтау
деңгейінің индикаторын
белсендірудің қосымша
функциясы бар бұғаттау
түймесі
3.2 Мақсатына сай қолдану
SF 14A
SF 14-A қолмен басқарылатын аккумуляторлық бұрауыш дрель болып
табылады. Ол бұрандаларды бұрап енгізу және шығаруға және болат,
ағаш пен пластикте бұрғылауға арналған.