200 Қазақ 2041323
*2041323*
SFH 14A
SFH 14-A қолмен басқарылатын аккумуляторлық бұрауыш дрель
болып табылады. Ол болат, ағаш пен пластикте бұрғылауға, жеңіл
бетон мен кірпіш қалау бойынша соққымен бұрғылауға және
бұрандаларды бұрап енгізу және шығаруға арналған.
▶ Бұл өнім үшін тек B14 сериялы Hilti Li-Ion аккумуляторларын ғана
пайдаланыңыз.
▶ Бұл аккумуляторлар үшін тек C4/36 сериялы Hilti зарядтағыш
құрылғыларын пайдаланыңыз.
3.3 Жүктеу немесе қыздыру артып кетуінен қорғау
Аспап шамадан тыс жүктемелерден және қызып кетуден электрондық
қорғаумен жабдықталған. Шамадан тыс жүктеме түскен немесе қызып
кеткен жағдайда аспап автоматты түрде өшеді. Негізгі сөндіргішті
жіберіп, қайтадан басса, қайтадан қосылу күту уақыты аяқталғаннан
(аспаптың суу кезеңі) кейін орындала алады.
Зарядтау деңгейінің индикаторы артық жүктеме немесе қызып кету
туралы сигнал бермейді.
3.4 LiIon аккумуляторының индикаторы
LiIon аккумуляторының зарядтау күйі және аспаптағы ақаулықтар LiIon
аккумуляторының индикаторында көрсетіледі. LiIon аккумуляторының
заряд күйінің көрсеткіші екі аккумуляторды босату түймесін басу арқылы
көрсетіледі.
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
4 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 75% - 100%
3 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 50% - 75%
2 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 25% - 50%
1 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 10% - 25%
1 жарық диоды жыпылықтайды,
аспап жұмысқа дайын.
Зарядтау күйі: < 10%
1 жарық диоды жыпылықтайды,
аспап жұмысқа дайын емес.
Аккумулятор қызып кетті немесе
заряды толығымен бітті.
4 жарық диоды жыпылықтайды,
аспап жұмысқа дайын емес.
Аспап қызып кетті немесе оған
шамадан тыс жүктеме түсті.