EasyManua.ls Logo

Hilti TE 2-A22 - Page 152

Hilti TE 2-A22
200 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
146 Қазақ 2023934
*2023934*
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларының бар-
жоғын тексеріп шығыңыз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Алмалы-салмалы аспап бұғатталған жағдайда, өнімді дереу өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы
мүмкін.
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Қысу қысқысы TE-C Click
;
Жұмыс режимдерінің
ауыстырып-қосқышы
=
Тұтқыш
%
Қосуды бұғаттауы бар солға/оңға
айналудың ауыстырып-қосқышы
&
Сөндіргіш
(
Аккумулятор
)
Жұмыс орнындағы жарықтандыру
+
Бүйірлік тұтқыш
§
Тереңдік шектегіші
/
Аккумулятор заряды деңгейінің
көрсеткішін белсендірудің қосымша
функциясы бар бұғаттау түймесі
:
Аккумулятордың зарядтау күйін көрсеткіш
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім аккумуляторлық перфоратор болып табылады. Ол болат, ағаш пен кірпіш қалауды
бұрғылау, бетон мен кірпіш қалауды соққымен бұрғылау және бұрандаларды бұрап бекітуге және
босатуға арналған.
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Li-Ion аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Бұл аккумуляторлар үшін тек Hilti компаниясы мақұлдаған зарядтағыш құрылғыларды қолданыңыз.
Қосымша ақпаратты Hilti Store дүкенінен немесе мына веб-сайттан алуға болады: www.hilti.group
3.3 Литий-иондық аккумулятор зарядының күйін көрсеткіш
Литий-иондық аккумуляторларды қолданған кезде зарядтау күйін бұғаттау түймесін түрту арқылы
көрсетуге болады.
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
4 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 75 % - 100 %
3 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 50 % - 75 %
2 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 25 % - 50 %
1 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 10 % - 25 %
1 жарық диоды жыпықтайды. Зарядтау күйі: < 10 %
Жұмыс уақытында және бірден жұмысты аяқтағаннан кейін зарядталу деңгейі туралы сұрау мүмкін
емес. Аккумулятордың зарядталу деңгейі жарық диодтары жыпылықтаған жағдайда «Ақаулықтарды
жою» бөліміндегі нұсқауларға назар аударыңыз.

Other manuals for Hilti TE 2-A22

Related product manuals