*2100249*
2100249 Қазақ 173
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
4 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 75 % - 100 %
3 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 50 % - 75 %
2 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 25 % - 50 %
1 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 10 % - 25 %
1 жарық диоды жыпықтайды. Зарядтау күйі: < 10 %
Негізгі сөндіргіш басылып тұрғанда және негізгі сөндіргішті жібергеннен 5 секундтан кейін
зарядтау күйіне сұрау салу мүмкін болмайды. Аккумулятор индикаторының жарық диодтары
жыпылықтаған жағдайда «Ақаулықтардағы көмек» бөліміндегі нұсқауларға назар аударыңыз.
3.4 Жеткізілім жинағы
Перфоратор, бүйірлік тұтқыш, тереңдік шектегіші, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Перфоратор
TE 6A36
Номиналды кернеу
36 В
EPTA 01/2003 процедурасына сай салмағы
3,7 кг
Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
1050 А/мин
EPTA 05/2009 процедурасына сай жалғыз соққы энергиясы
2,5 Дж
Бетонда/кірпіш қалауда бұрғылау диаметрінің диапазоны
(соғатын бұрғылау)
4 мм … 28 мм
Ағашта бұрғылау диаметрлерінің диапазоны (қатты бұрғылау
бұрғысы)
3 мм … 20 мм
Металда бұрғылау диаметрлерінің диапазоны (қатты бұрғылау
бұрғысы)
3 мм … 13 мм
4.2 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл мәндері
Дыбыс күшінің деңгейі (L
WA
)
102 дБ(А)
Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік (K
WA
)
3 дБ(А)
Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
)
91 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі бойынша дәлсіздік (K
pA
)
3 дБ(А)