EasyManua.ls Logo

Hilti TE 6-A36 - Page 182

Hilti TE 6-A36
236 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
176 Қазақ 2100249
*2100249*
6.2 Айналу бағытын өзгерту 9
Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына орнатыңыз.
6.3 Соққысыз бұрғылау
Режимдерді таңдау құралын күйіне орнатыңыз.
6.4 Соққымен бұрғылау
Режимдерді таңдау құралын күйіне орнатыңыз.
6.5 Кескішпен өңдеу
Режимдерді таңдау құралын күйіне орнатыңыз.
Оңтайлы қозғалтқыш салқындауы үшін оңға айналуды (бұрғының айналу бағытын) таңдаңыз.
7 Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1 Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз
жиналуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ
шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі
олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Техникалық қызмет көрсету
Көзгекөрінетінбарлықбөлшектердезақымдардыңбар-жоғынжәнебасқаруэлементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group

Other manuals for Hilti TE 6-A36

Related product manuals