EasyManua.ls Logo

Kärcher K 6 - Page 173

Kärcher K 6
192 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақша 173
c Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Сурет G
4. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп
жабылғанша сала беріңіз.
Сурет H
Нұсқау
Бұрандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын
бақылаңыз.
5. Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің
сенімділігін тексеріңіз.
6. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Қосылу мəндерін Техникалық мағлұматтар немесе
зауыттық тақтайшадан қараңыз.
Сумен жабдықтау кəсіпорнының нұсқауларын
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Судың ластануынан немесе тұзды суды
пайдаланудан құрылғы мен керек-жарақтардың
зақымдалуы.
Тұзды емес, тек таза суды қолданыңыз.
Нұсқау
Kärcher компаниясы қосымша Kärcher су сүзгісін
қолдануды ұсынады.
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Құрылғының су қосылымында Aquastop-пен
байланысқан шлангіні қолдану кезіндегі сорғыға
келетін зақымдар.
Құрылғының су қосылымында Aquastop-пен
байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Тек су кранындағы Aquastop-пен байланысқан
шлангіні қолданыңыз.
1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған
жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
Сурет I
2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұ
л жоғары қысымды жуғыш KÄRCHER сору
құбыршегімен беткі суды соруға жарамды,
мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден
(ағызудың максималды биіктігін Техникалық
мағлұматтар қараңыз).
1. Су қосылымындағы муфтаны бұрап алыңыз.
2. Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
3. Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге
арналған жалғағышқа бұраңыз жəне су көзіне
(мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге) іліп
қойыңыз.
Құрылғыдағы ауаны жою
1. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
4. Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен
көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут
жұмыс істетіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
6. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Сорғылардың құрғақ күйінде жұмыс істеуі
кезінде зақымдану қаупі бар!
Сорғы зақымдары
Егер құрылғы 2 минут ішінде қысым жасамаса, оны
өшіріңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек-тараудағы нұсқауларға
сəйкес əрекет етіңіз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Ағынның тым қысқа қашықтығына немесе
жарамсыз ағын түтігін пайдалануға байланысты
боялған немесе сезімтал беттердің зақымдары.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет J
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Ж
оғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Жуғыш құралдардан жарақат алу қаупі
Жуғыш құралдар тиісінше пайдаланылмаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Тазалау құралы өндірушісінің қауіпсіздік деректер
парағын қараңыз.
Көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын киіңіз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты жəне тазалағыш
заттар туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралдарды тек төменгі қы
сым кезінде
араластыруға болады.
1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору
құбыршегінің қажетті ұзындығын тартыңыз.
Сурет K
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш
құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
4. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бе
тке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып
тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.

Table of Contents

Related product manuals