31
KK
Ауа сүзгісін тазарту
Ауа сүзгілерін 2 апта сайын бір рет қажет болса 
бірнеше рет тазартып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
 • Ауа сүзгісі иілген кезде сынуы мүмкін.
 • Ауа сүзгісі дұрыс салынбаса, ішкі құрылғының 
ішіне шаң немесе басқа нәрселер кіруі мүмкін.
1-түрі
Егер ішкі құрылғыға оның жоғарғы жағынан 
қарасаңыз, үстіңгі сүзгіні оңай орната аласыз.
1
Электр қуатын өшіріп сымды ажыратыңыз.
2
Ауа сүзгісінің тұтқасынан ұстап оны ақырын 
көтеріңіз.
3
Оны ішкі құрылғыдан алып тастаңыз.
4
Сүзгінішаңсорғышпен немесе құрамында 
бейтарап тазалағыш сұйықтығы бар жылы 
сумен тазартыңыз.
5
Сүзгіні көлеңкеде кептіріңіз.
6
Ауа сүзгісінің ілмегін алдыңғы қақпаққа 
салыңыз.
7
Ауа сүзгісін бекіту үшін ілмекті төмен 
итеріңіз.
8
Алдыңғы қақпақтың ауа сүзгісіне дұрыс 
киілгенін тексеріңіз.
2-түрі
1
Электр қуатын өшіріп сымды ажыратыңыз.
2
Алдыңғы қақпақты ашыңыз.
 • Қақпақтың екі жағын кішкене ашыңыз.
3
Ауа сүзгілерінің тұтқаларынан ұстап ақырын 
төмен тартып, оларды ішкі құрылғыдан 
шығарыңыз.
4
Сүзгінішаңсорғышпен немесе құрамында 
бейтарап тазалағыш сұйықтығы бар жылы 
сумен тазартыңыз.
5
Сүзгілерді көлеңкеде кептіріңіз.
6
Ауа сүзгілерінің ілмектерін алдыңғы қақпаққа 
салыңыз.
7
Алдыңғы қақпақтың ауа сүзгілеріне дұрыс 
киілгенін тексеріңіз.