102 KK
•
Бөлмедегі ылғалдылық деңгейі өте жоғары болса, ауа сапасының датчигінде конденсат түзіліп,
бөлшек датчигі ауа сапасы іс жүзінде жақса болса да, нашар ауа сапасын көрсетуі мүмкін. Егер
осы жағдай орын алса, бөлшек датчигін тазалаңыз.
1 Ауа тазартқышты өшіріп, электр розеткасынан ажыратыңыз.
2 Артқы қақпағын тартып, оны құрылғыдан алып тастаңыз (c-сур.).
3 Бөлшек датчигін дымқыл мақталы тампонмен тазалаңыз (v-сур.).
4 Барлық бөліктерін құрғақ мақта тампонымен сүртіңіз.
5 Артқы қақпағын қайта тіркеңіз (g-сур.).
Сүзгіні тазалау дабылы экранда көрсетіледі
(w-сур.).
Сүзгі бетін шаңсорғыштың көмегімен
тазалаңыз.
1 Ауа тазартқышты өшіріп, электр розеткасынан ажыратыңыз.
2 Артқы қақпағын тартып, оны құрылғыдан алып тастаңыз (c-сур.).
3 Құрылғыдан сүзгіні алып тастаңыз (x-сур.).
4 Сүзгі бетін шаңсорғыштың көмегімен тазалаңыз (y-сур.).
5 Сүзгіні қайтадан құрылғыға салыңыз (f-сур.).
6 Артқы қақпағын қайта тіркеңіз. (g-сур.)
7 Ауа тазартқыштың штепселін электр розеткасына қосыңыз.
8 Құрылғыны қосу үшін түймесін түртіңіз.
9 Тазалау сүзгісін тазалау уақытын қайта орнату үшін сүзгі күйін тексеру/қайта орнату
түймесін 3 секунд басып тұрыңыз және ұстап тұрыңыз.
10 Сүзгіні ауыстырғаннан кейін қолыңызды тазалап жуыңыз.
Ауа тазартқыш жұмыс істеп тұрғанда ауа тазарту сүзгісінің жағдайын тексеру үшін бұл ауа
тазартқыш сүзгіні ауыстыру индикаторымен жабдықталған. Сүзгіні ауыстыру қажет болған кезде,
сүзгіні ауыстыру дабылы қызыл түспен жанады.
Сүзгі өз мерзімінде ауыстырмасаңыз, ауа тазартқыш орынжайдағы ауа сапасын бұзбауы үшін
істен шығып, автоматты түрде бұғатталады. Сүзгіні барынша ерте ауыстырыңыз.
•
Сүзгіні жуу немесе қайта пайдалану мүмкін емес.
•
Сүзгіні ауыстырмастан бұрын ауа тазартқышын өшіріп, электр розеткасынан суырыңыз.