60
Тазалау сапасын жақсарту үшін шаңсорғышта әртүрлі бағдарламалар қарастырылған.Бұл тазалау
бағдарламаларын іске қосу үшін шаңсорғыштың басқару панелін немесе оның қашықтан басқару
пультін қолданыңыз.
Егер негізгі тазалау бағдарламадан шығып, басқа режимді таңдасаңыз, содан кейін негізгі тазалау
режимін қайта іске қоссаңыз, сол кезде робот тазалау жолын қайтадан жоспарлап, өзгертеді және
бөлмедегі тазаланған аумақты қайтадан тазалауды бастайды.
Шаңсорғыштың тазалау бағдарламаларын іске қосу үшін алдымен робот қосулы күйінде және
кідіріс режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер робот ұйқы режимінде болса, оны қосу үшін
шаңсорғыштың қашықтықтан басқару пультіндегі немесе роботтың корпусында орналасқан мына
белгісі бар батырмасын басыңыз.
1. Классикалық немесе негізгі тазалау бағдарламасы.
Классикалық немесе негізгі тазалау бағдарламада
Бұл бағдарламада робот тазалау жұмысын алдымен бөлмедегі төрт қабырғалардың бойымен
жылжып жүргізеді, содан кейін тазалауға қажетті аумақты тазарта бастайды. Бұл бағдарламаны
кілеммен жабылған беттерді тазалау кезінде пайдалануға ұсынылады.
Бұл бағдарламаны іске қосу үшін шаңсорғыштың қашықтықтан басқару пультіндегі немесе
роботтың корпусында орналасқан мына белгісі бар батырмасын басыңыз. Сур. 13
2. Навигация режимі бар бағдарламасы.
Навигация режимінде тазалауды орындау үшін шаңсорғыштың қашықтықтан басқару пультіндегі
немесе робот корпусындағы мына белгісі бар батырмасын басыңыз, робот-шаңсорғыш
параллель сызықтар бойыменқозғала бастайды. Сонымен қатар, робот-шаңсорғыш тазаланбаған
аймақтың қалған бөлігін автоматты түрде анықтай алады. Сур. 14
3. Шаңсорғыштың «Максимум» сору қуатын арттыру (күшейту) режимі.
«Максимум» тазалау бағдарламасы шаңсорғыштың сору қуатын барынша арттыру арқылы жұмыс
істеуіне мүмкіндік береді. Бұл режимін белсендіру үшін шаңсорғыштың қашықтықтан басқару
пультіндегі мына белгісі бар батырмасын пайдаланыңыз. Сур. 15
4. Шиыршық бойынша қозғалыс(жергілікті тазалау) бағдарламасы.
Шиыршық бойынша қозғалыс(«Жергілікті тазалау») бағдарламасы өте ластанған аумақты тазалау
үшін арнайы арналған. Бұл бағдарлама бойынша тазалауды бастау үшін шаңсорғыштың
қашықтықтан басқару пультіндегі немесе роботтың корпусында орналасқан мына белгісі бар
батырмасын басыңыз. Сур. 16
5. Қабырғалардың бойыментазарту бағдарламасы.
Бұл «Қабырғалардың бойымен» тазарту бағдарламасы бойынша тазалауды бастау үшін
шаңсорғыштың қашықтықтан басқару пультіндегі сәйкесінше белгісі бар батырмасын
басыңыз. Сур. 17
6. Зарядтау базаға қайта оралу.
Тазалау барысында робот-шаңсорғыштың аккумуляторлық батареясының қуаттандыруы
толығымен таусыла бастаған кезде робот автоматты түрде зарядтау базаға қайта оралады.
Сондай-ақ, шаңсорғыштың қашықтықтан басқару пультіндегі немесе роботтың корпусында
орналасқан мына белгісі бар батырмасын басу арқылы оны зарядтау базаға жіберуге
болады.