EasyManua.ls Logo

Grundfos Multilift MOG Series - Page 345

Grundfos Multilift MOG Series
832 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақша (KZ)
345
8.2 Механикалық орнату
Келесі əрекеттерді орындаңыз:
LC 221 контроллерін тегіс қабырға бетіне бекітіңіз.
LC 221 контроллерін кабель кірістері төмен қарап
тұратындай бекітіңіз (қажет болатын болса, қосымша
кабель кірістерін корпустың төменгі тақтасында орнату
керек).
LC 221 контроллерін төрт бұрандамен корпустың артқы
тақтасындағы бекіту тесіктері арқылы бекітіңіз.
Бекіту тесіктерін контроллермен бірге берілген бұрғылау
үлгісін пайдаланып, 6 мм-лік бұрандамен бұрғылаңыз.
Бұрандаларды бекіту
тесіктеріне салып, берік бекемдеңіз.
Пластик қақпақтарды жабыңыз.
26. сур. Контроллерді қабырғаға бекіту
8.3 Электр жабдығын жалғау
Жұмыс кернеуі жəне жиілігі контроллердің зауыттық
тақтайшасында белгіленген. Контроллер пайдаланылатын
қуат көзіне сай келетінін тексеріңіз.
Барлық кабельдерді/сымдарды кабель кірістері мен
төсемелер (IP65) арқылы өткізу керек.
Қуат көзі ұяшығын корпус жанында орналастыру керек,
өйткені контроллер 1,5 м кабельмен, бір фазалық сораптар
үшін Schuko ашасымен жəне үш фазалық сораптар үшін СЕЕ
ашасымен жабдықталады.
Ең көп
қосымша сақтандырғыш контроллер зауыттық
тақтайшасында берілген.
Жергілікті ережелерге сай қажет болса, сыртқы қуат көзі
қосқышын орнатыңыз.
8.4 LC 221 контроллерін орнату
Тек жинау қоймасының кіріс деңгейіне сай іске қосылу
деңгейін орнату керек. Барлық басқа мəндер алдын ала
орнатылған, бірақ қажет болса, оларды реттеуге болады.
жəне түймешіктерін пайдаланып кіріс құбырының
биіктігін, еден деңгейінен 180, 250 немесе 315 мм жоғары,
таңдаңыз жəне қалаған мəнді сақтау үшін түймешігін
басыңыз. Егер кіріс құбырының биіктігі екі мəннің арасында
болса,
мысалы, еденнен 220 мм жоғары, ең жақын төменірек
мəнді таңдаңыз (180 мм). Енді контроллер автоматты
режимге дайын.
Қажет болса, келесі мəндерді өзгертуге болады:
Іске қосу деңгейі
Іске қосу деңгейін кіріс құбырының еден деңгейінен биіктігіне
сай орнату керек (180, 250 жəне 315 мм). Тоқтату жəне дабыл
деңгейлері алдын ала орнатылған.
Номиналды ток
Мотордың номиналды тогына сай зауытта алдын
ала
орнатылған мəн. Сораптың бұғатталуына қарсы қорғаныс -
шамадан тыс ток үшін алдын ала орнатылған мəн.
Тоқтату кідірісі
Кідірісті тоқтату тиiмдi көлемдi үлкейтедi жəне резервуардағы
қалдық судың санын азайтады. Бұл гидравликалық соққыдан
сақтайды. Кері клапан əлдеқайда жұмсақ жабылады.
Алдын ала орнатылған мəн - 0.
Іске қосу кідірісі
Понтон қайықты немесе қалқыма үйді қоспағанда, сорап
станциясына өзгеріс енгізуге ешқандай қажеттiк жоқ.
Алдын ала орнатылған мəн - 0.
Дабыл кідірісі
Жоғары уақытша кіріс ағыны қысқа мерзімдік жоғары деңгей
дабылын тудыруы мүмкін. Бұл жағдай Multilift MOG немесе
MDG станциясына жүзу бассейнінің кері жуу сүзгісі
қосылғанда туындауы мүмкін. Алдын ала орнатылған мəн - 0.
Датчикті таңдау, калибрлеу жəне ауытқуы
Бұл ішкі мəзірлер тек датчик түрін өзгерткенде
қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет көрсету нұсқаулығын
қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету аралығы
Техникалық қызмет көрсету/қызмет көрсету аралығын 0, 3, 6
немесе 12 айға орнатуға болады жəне ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
дисплейінде көрсетіледі (дыбыстық сигнал болмайды).
Дабылды ысыру
Контроллерді ақаулық жоғалғанда кейбір дабылдарды
автоматты түрде ысыруға орнатуға болады. Бірақ көп
дабылдар қолмен орнатылады. 6.4 Ақаулық
көрсеткіштерінің сипаттамасы
бөлімін қараңыз. Алдын ала
орнатылған мəнАВТО.
Зауыттық параметрлерге ысыру
Контроллер қайта іске қосылады жəне іске қосу
параметрлерін қайта орнату керек болады.
6.2 Параметрлерді орнату мəзірі бөлімін қараңыз.
8.4.1 Сыртқы дабыл
Сорап станцияларын көбінесе ғимарат іргетасының
астындағы поддондарда орнатады. Бұл ғимаратағы ең терең
нүкте жəне ағатын жерлер, құбыр жарылыстары немесе
жерасты су ағынының
кіруі тудыратын су басуды анықтау үшін
сорап станциясының сыртында қосымша дабыл деңгейі
қосқышын орнатуға болады.
Сыртқы дабылды деңгей қосқышына (230 В / 2 A) 35/36
клеммаларында қосуға болады.
Назар аударыңыз
Тесіктерді бұрғылағанда, ешбір кабельдерді
немесе су жəне газ құбырларын зақымдап
алмаңыз. Қауіпсіз орнатуды қамтамасыз
етіңіз.
Ескерту
LC 221 контроллерін алдыңғы қақпақсыз
алуға болады.
TM05 1940 4011
Назар аударыңыз
LC 221 контроллерін қарастырылып
отырған қолданысқа қатысты ережелерге
жəне стандарттарға сай жалғау керек.
Назар аударыңыз
Корпусты ашу алдында қуат көзін
ажыратыңыз.

Table of Contents

Related product manuals