EasyManuals Logo

Hilti SF 6-A22 User Manual

Hilti SF 6-A22
184 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #62 background imageLoading...
Page #62 background image
56 Қазақ 2231428
*2231428*
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
Аспаппен жұмыс істеу үшін тектиісті аккумуляторлардықолданыңыз. Басқааккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2 Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Соққымен бұрғылау кезінде қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
Қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Аспапты бақылауды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс құралы немесе бұрандалар жасырын электр сымдарына тиіп кетуі мүмкін болатын
жұмыстарды жүзеге асыру кезінде электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр
сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Бұрғы үшін рұқсат етілген максималды айналу жиілігінен жоғары айналу жиілігімен еш
жағдайда жұмыс істемеңіз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен
жанаспай еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.

Table of Contents

Other manuals for Hilti SF 6-A22

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SF 6-A22 and is the answer not in the manual?

Hilti SF 6-A22 Specifications

General IconGeneral
Tool typeCordless Drill Driver
Battery voltage21.6 V
Chuck capacity1.5 - 13 mm
Number of gears2
Battery TypeLi-ion
Chuck typeKeyless chuck

Related product manuals