144 Қазақ 2063040
*2063040*
5.6 Соққымен бұрғылау (соғатын бұрғылау) 4
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Соққымен бұрғылау» күйіне орнатыңыз.
5.7 Кескішті орналастыру 4
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Кескіш бағытының бақылауын жоғалту.
▶ «Қашау күйін таңдау» күйінде жұмыс істемеңіз. Функцияны таңдау қосқышын тірелгенше "Кескішпен
өңдеу" параметріне орнатыңыз.
Кескішті 24 түрлі позицияға (15° қадамға) орнатуға болады. Осының есебінен жалпақ және
қалыпқа түсірілген кескіштерді қажетті жұмыс күйіне орнатуға болады.
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Кескішті орналастыру» күйіне орнатыңыз.
5.8 Кескішпен өңдеу 4
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Кескішпен өңдеу» күйіне орнатыңыз.
5.9 Негізгі сөндіргіштің бекіткіші
Қашау режимінде негізгі сөндіргішті басылған күйде бекітуге болады.
▶ Негізгі сөндіргіштің бекіткішін іске қосыңыз.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
• Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
• Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
• Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
• Барлықкөзге көрінетінбөлшектердезақымдардыңбар-жоғынжәне басқаруэлементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.