Қазақша (KZ)
335
6. LC 221 контроллерін басқару
6.1 Дисплейдің сипаттамасы
LC 221 деңгей контроллерінің дисплейі 14 суретінде
көрсетілген.
14. сур. LC 221 дисплейі
Төмендегі кестеде дисплейде көрсетілетін таңбалар,
сондай-ақ, сəйкес функциялар мен көрсеткіштер сипатталған.
TM05 1861 3811
Таңба Функция Сипаттама
Параметрлер
құлыпталған
Бұл таңба параметрлерді орнату мəзірі құлыпталған кезде көрінеді. Бұл рұқсат берілмеген
адамдардың параметрлерге өзгертулер енгізуін болдырмайды. Түймешіктердің құлпын ашу
үшін 1234 кодын енгізіңіз.
Автоматты жұмыс
режимі
Бұл таңба деңгей контроллері автоматты режимде болғанда, яғни, таңдау қосқышы АВТО
күйінде болғанда көрінеді.
Ақпарат
Бұл таңба сораптың ақаулықтары, жұмыс сағаттары, іске қосылу саны, ең
жоғары тогы
туралы ақпарат бар болғанда көрінеді. Бұл таңба деңгей контроллері ақаулықты анықтаса
жəне ақаулық ақаулықтар журналына жазылса көрінеді. Ақаулықтар журналына кіргеннен
кейін бұл таңба өшеді. 6.3 Ақпараттық мəзір бөлімін қараңыз.
Параметрлерді орнату
Параметрлерді орнату мəзірінде іске қосу деңгейі, өлшенген ток, тоқтату, іске қосу жəне
дабыл кідірісі, техникалық қызмет көрсету аралығын
таңдау, ысыру (автоматты немесе
қолмен) жəне зауыттық параметрлерге ысыру параметрлерін орнату туралы ақпарат
болады. Процедураны жəне параметрлердің сипаттамасын 6.2 Параметрлерді орнату
мəзірі бөлімінен қараңыз.
Дабыл
Бұл таңба дабыл жағдайы орын алса көрінеді. Дабыл түрі ақпараттық мəзірде көрсетіледі.
Таңба ақаулық кеткенде кетеді.
Импульстар санағышы Бұл таңба дисплейде ақпараттық мəзірдегі іске қосылулар саны көрсетілгенде көрінеді
.
Орнатуға болатын
уақыттар жəне
ақаулықтар көрсеткіші
Бұл таңба дисплейде ақпараттық мəзірдегі жұмыс сағаттары жəне параметрлерді орнату
мəзірінде орнатылған кідірістер көрсетілгенде көрінеді. Бұл таңба ең көп жұмыс уақыты
асырылғанда жыпықтайды.