*2125998*
2125998 Қазақ 183
материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін болса,
жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың
жоғары деңгейіне жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне арналған
респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша
еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда
болатын шаңның қауіп класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу
үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі шаңнан қорғау нормаларына
сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Негізді өңдегенде материал бөлінуі мүмкін. Қорғауыш
көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Бұл сынықтар дене бөліктерін және
көздерді зақымдауы мүмкін.
▶ Аспапты әрдайым арнайы тұтқасынан берік ұстаңыз. Құрал
бұғатталған кезде, аспап өзінің жоғары айналу моментіне байланысты
құралдың айналу бағытына қарсы айналып қалуы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Бөлшекті бекіту үшін
струбциналарды немесе қысқышты қолданыңыз. Бұл оны қолмен
ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен ұстауға
болады.
▶ Аспапта қысқыға сай ұштары бар екеніне және қысқыда берік
бекітілетініне көз жеткізіңіз.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Аккумуляторды орнату алдында аспап өшірілгенін тексеріңіз.
Қосылған электр құралға аккумуляторды орнату ауыр жазымдарға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар мен өрттен ары
ұстаңыз. Жарылыс қаупі бар.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары
температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады.
Әйтпесе өрт, жарылыс немесе күйік қаупі бар.
▶ Ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Ішке енген ылғалдылық қысқа
тұйықталуға әкелуі және нәтижесінде жарылыс не өртке апарып соғуы
мүмкін.
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану
бойынша арнайы нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторда қысқа тұйықталудың орын алуын болдырмаңыз.
Аккумуляторды аспапқа орнату алдында аккумулятордағы
контакттарда және аспапта ластанулар жоқ екенін тексеріңіз.
Аккумулятор контакттары қысқа тұйықталған жағдайда өрт, жарылыс
және ойып түсетін заттардан күйік алу қаупі бар.
Printed: 19.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5251744 / 000 / 02