192 Қазақ 2125998
*2125998*
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аспап немесе
аккумулятор
жылуды қарқынды
түрде шығарады.
Электр бөлігі бойынша
ақаулық.
▶ Аспапты
бірден өшіріңіз,
аккумуляторды
шығарыңыз,
оны қадағалап,
салқындауына
мүмкіндік беріңіз
және Hilti сервис
орталығына
хабарласыңыз.
Аспапқа шамадан
тыс жүктеме түскен
(пайдалану шегі
асырылған).
▶ Қолдануға жарамды
аспапты таңдаңыз.
9 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың
санын қамтиды. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият
сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан
немесе дилеріңізден сұраңыз.
Аккумуляторды кәдеге жарату
Аккумуляторларды нұсқаулардан тыс кәдеге жарату нәтижесінде газ не
сұйықтықтың шығуы денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
▶ Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жөнелтуге
болмайды!
▶ Қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін
материалмен жауып қойыңыз.
▶ Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге
жаратыңыз.
▶ Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе
жергілікті кәдеге жарату кәсіпорнына хабарласыңыз.
▶ Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен
аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз!
10 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу
директивасы)
Төмендегі сілтеме бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген:
qr.hilti.com/r4827450.
Printed: 19.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5251744 / 000 / 02