EasyManua.ls Logo

Philips NA231 - Page 505

Philips NA231
557 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
504
Қазақша
-
Фри картобын жасауға қолайлы картоп түрін таңдаңыз, мысалы,
жақында қазып алынған, (аздап) ұнды картоп.
-
Біркелкі нәтиже алу үшін картопты 500 г/18 унциядан бөліп ауамен
қуырған дұрыс. Порциясы аздау картоп көбірек картопқа қарағанда
қытырлақ болады.
1 Картопты тазалап, фри етіп (қалыңдығы 10x10 мм / 0,4x0,4) кесіңіз.
2 Картоп таяқшаларын жылы су бар тостағанға кемінде 30 минут салып
қойыңыз.
3 Тостағанды босатып, картоп таяқшаларын майлықпен немесе қағаз
майлықпен құрғатыңыз.
4 Тостағанға бір ас қасық күнбағыс майын құйып, таяқшаларды тостағанға
салып, таяқшалар сырты май болғанша араластырыңыз.
5 Таяқшаларды тостағаннан артық май тостағанда қалу үшін
саусақтарыңызбен немесе тесіктері бар ыдыспен алыңыз.
Ескертпе
-
Артық майды табаға құйып жібермес үшін, тостағандағы барлық
таяқшаны төгу үшін тостағанды еңкейтпеңіз.
6 Таяқшаларды табаға салыңыз.
7 Картоп таяқшаларын қуырыңыз және пісіру уақытында себетті 2-3 рет
шайқаңыз.
Тазалау
Ескерту
-
Тазаламастан бұрын табаны және құралдың ішін әбден суытып
алыңыз.
-
Табаның жабыспайтын қабаты бар. Металдан жасалған ас үй
ыдыстарын немесе абразивті тазалаушы заттарды пайдаланбаңыз,
себебі бұл жабыспайтын қабатты зақымдауы мүмкін.
Құралды қолданған сайын тазалаңыз. Әрбір қолданыстан кейін табаның
түбіндегі майды алып тастаңыз.
1 Құралды өшіру үшін қуатты қосу/өшіру түймесін басыңыз да ашаны
розеткадан суырып, құралды суытыңыз.
505 / 557 504 / 555 505 / 557

Table of Contents

Related product manuals